Авторлық құқықпен қорғалған материалды таратпаңыз

Авторлық құқықпен қорғалған материалдарды мазмұн иесінің рұқсатынсыз таратпаңыз. Мұны сақтамаудан авторлық құқық туралы заңдар бұзылуы мүмкін. Өндіруші авторлық құқықпен қорғалған материалды пайдаланушының заңсыз пайдалануынан туындаған құқықтық мәселелерге жауапты емес.

Зиянда бағдарламалар және вирустар

Құрылғыны зиянды бағдарламалардан және вирустардан қорғау үшін мына пайдалану туралы кеңестерді орындаңыз. Бұлай істемеу деректердің бүлінуіне немесе жоғалуына әкелуі, бұл кепілдік қызметімен қамтылмаған болуы мүмкін

Белгісіз қолданбаларды жүктемеңіз.

Сенімді емес веб-сайттарға кірмеңіз.

Күдікті хабарларды немесе белгісіз жіберушілерден келген электрондық хабарларды жойыңыз.

Құпия сөзді орнатыңыз және оны жиі өзгертіп отырыңыз.

Пайдаланбаған кезде Bluetooth сияқты сымсыз мүмкіндіктерді өшіріңіз.

Егер құрылғы әдеттен тыс мінез-құлық көрсетсе, антивирустық бағдарламаны іске қосып вирус жұққан-жұқпағанын тексеріңіз.

Жаңадан жүктелген қолданбалар мен файлдарды іске қосу алдында құрылғыдағы антивирустық бағдарламаны іске қосыңыз.

Компьютерде антивирустық бағдарламаларды орнатыңыз және вирус жұққан-жұқпағанын тексеру үшін оларды жиі іске қосыңыз.

Тізбе параметрлерін өңдемеңіз немесе құрылғының амалдық жүйесін өзгертпеңіз.

Қазақ тілі