Құрал жұмыс істемесе не істеу қажет?
-Ең бірінші, оның қуат көзіне қосылып тұрғанын тексеріңіз. Егер барлық нұсқауларды орындағаннан кейін де құрал жұмыс істемесе: Құралды сатушыға немесе Moulinex қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Рецептер
Пісірілген жемістер қосылған йогурт
ТОСПА ҚОСЫЛҒАН ЙОГУРТ
1 литр майлы сүт, 1 табиғи йогурт немесе 1 пакет ұйытқы, 4 ас қасық қою емес, жидектерден немесе жеміс бөлшектерінен жасалған тоспа: мүкжидек, қарақат, рауағаш, інжір, құлпынай, мармелад.
Тоспаны аздап сүт құйып шайқаңыз. Йогуртты немесе ұйытқыны қосыңыз. Жақсылап араластырып, сүттің қалғанын қосыңыз. Қосындыны құтыларға құйып, құралға орналастарыңыз да, өзіңізге қажетті бағдарламаны таңдаңыз (8, 10 немесе
12сағат).
Басқа жолдары: егер йогурттың екі қабаттан тұруын қаласаңыз, тоспаны құтының түбіне салыңыз. Одан кейін абайлап сүтті/йогуртты немесе сүтті/ұйытқыны қосып, қосындыны құтыларға құйыңыз. Құтыларды құралға орналастарыңыз да, өзіңізге қажетті бағдарламаны таңдаңыз (8, 10 немесе 12 сағат).
ВАНИЛИН ЙОГУРТЫ
70 сл майы алынбаған сүт, 20 г жартылай майы алынған сүттің ұнтағы, 1 табиғи йогурт немесе 1 пакет ұйытқы, 80 г қант, 30 cл сұйық қаймақ, 1 ванилин қабығы. Қаймақты жылытып, ванилин мен қантты қосыңыз. Қант еріп, ванилин дәндері жақсылап тарағанша араластырыңыз. Бөлек қойыңыз. Сүтті баяу құйып, йогуртпен (немесе ұйытқы) араластырыңыз. Қаймақты сүтке/йогуртқа немесе сүтке/ұйытқыға араластырып тұрып, құйыңыз, одан кейін сүт ұнтағын қосыңыз. Қосындыны құтыларға құйып, құралға орналастарыңыз да, өзіңізге қажетті бағдарламаны таңдаңыз (8, 10 немесе 12 сағат).
20