Қауіпсіздік туралы ақпарат

ақпарат туралы Қауіпсіздік

ЕСКЕРТУ

Тасымалдау және орнатуға қатысты қатаң ескертулер

• Құрылғыны тасымалдау және орнату барысында, салқындату жүйесінің ешбір бөлігіне зақым келтірмеу үшін абайлау керек.

-- Түтіктен ағып тұрған салқындатқыш газ жануы немесе көзге зақым келтіруі мүмкін. Егер сұйық аққанын байқасаңыз, ашық от көзінен немесе басқа да тұтандыруы мүмкін заттардан алыс ұстаңыз да, құрылғы тұрған бөлмені бірнеше минут желдетіңіз.

-- Бұл құрылғыда изобутан тоңазытқыш сұйығының (R-600a) шамалы мөлшері бар және бұл қоршаған ортаға залалсыз табиғи газ болса да, тұтанғыш газ болып табылады. Құрылғыны тасымалдау және орнату барысында, тоңазытқыш жүйенің ешбір бөлігіне нұқсан келмес үшін абайлау керек.

ЕСКЕРТУ

Орнатуға қатысты қатаң ескерту белгілері

• Электр бөлшектерінің қаптамасына нұқсан келсе, электр қатері пайда болуы немесе өрт шығуы мүмкін.

Бұл тоңазытқышты күн сәулесі тура түсетін жерге не пештің, бөлме қыздырғыштың немесе басқа құрылғылардың қызуына тақатып қоймаңыз.

Бірнеше ұялы розеткаға бірнеше құрылғыларды қоспаңыз. Тоңазытқышты әрқашан кернеу параметрі техникалық ақпарат тақтайшасындағы кернеу параметріне сай электр розеткасына бір өзін жалғау керек.

-- Сонда құрылғы тамаша жұмыс істейді және үйдегі электр желісінің жүктемесінің шамадан тыс артуына, нәтижесінде сымдар қызып өрт шығу қатерінің орын алуына жол бермейді.

Босап тұрған розеткаға ашаны сұқпаңыз.-- Өрт шығуы немесе электр қатері орын алуы мүмкін.

Жарылып қалған немесе ұзына бойына нұқсан келген, немесе ұшы бүлінген сымдарды қолданбаңыз.

Қорек сымын ешқашан қатты тартпаңыз немесе майыстырмаңыз.

6  Kazakhstan

DA68-03174S-09.indb 6

2017. 9. 12. �� 10:39