Қауіпсіздік туралы ақпарат

Символ Кедендік одақтың 005/2011 техникалық регламентіне сәйкес қолданылады және осы өнімнің қаптамасын екінші рет пайдалануға арналмағанын және жоюға жататынын көрсетеді. Осы өнімнің қаптамасын азық-түлік өнімдерін сақтау үшін пайдалануға тыйым салынады.

Символ қаптаманы жою мүмкіндігін көрсетеді. Символ сандық код және/немесе әріп белгілері түріндегі қаптама материалының белгісімен толықтырылуы мүмкін.

Қдуіпсіздік Туралы ақпарат

Құрылғыны іске қосар алдында, осы нұсқаулықты мұқият оқып шығып, кейін қарап жүру үшін сақтап қойыңыз.

Құрылғыны тек осы пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген мақсатта ғана қолданыңыз. Бұл құрылғы кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану тәжірибесі жоқ не қолдана білмейтін адамдар (балаларды қоса алғанда) қолдануға арналмаған. Олар осы құрылғыны өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның нұсқауы немесе қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс.

Құрылғыны қауіпсіздік ережелерімен танысқан жасы 8-ге толған балалар мен ересектер, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі немесе тәжірибесі жеткіліксіз тұлғалар, құрылғыны қауіпсіз қолдану, қатерлі жағдайлар туралы нұсқау алса немесе тиісті адамның қадағалауы бойынша пайдалана алады.

Балаларға құрылғымен ойнауға тыйым салынған. Балаларға ересектердің бақылауынсыз тазалауға және құрылғыны жөндеуге тыйым салынған.

Бұл пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген “Ескертулер” мен “Қауіпсіздік нұсқауларында”, орын алуы ықтимал жағдайлар мен оқиғалардың барлығы бірдей қамтылмаған.

Құрылғыны абайлап, сақтықпен орнатуға, күтім көрсетуге, іске қосуға өзіңіз міндеттісіз.

Себебі төменде көрсетілген іске пайдалану нұсқаулары әр түрлі құрылғыларға арналғандықтан, тоңазытқышыңыздың техникалық сипаттамасы, осы нұсқаулықта көрсетілген құрылғылардан сәл өзгеше болуы және ескерту белгілерінің барлығы бірдей сізге қатысты болмауы мүмкін. Толғандырып

ақпарат туралы Қауіпсіздік

Kazakhstan  3

DA68-03174S-09.indb 3

2017. 9. 12. �� 10:39