Тоңазытқыш параметрлерін орнату

Тоңазытқыш параметрлерін орнату

орнату параметрлерін Тоңазытқыш

Samsung тоңазытқышын сатып алғаныңызбен құттықтаймыз.

Осы құрылғы ұсынатын соңғы заманғы функциялар мен мүмкіндіктерді рахаттана қолданасыз деп үміттенеміз.

Бұл тоңазытқышты қолданар алдында, нұсқауларға сай орнатып, дұрыс жерге орналастыру керек.

Құрылғыны тек осы пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген мақсатта ғана қолданыңыз.

Кез келген жөндеу жұмысын тек білікті маман орындауға тиіс екенін қатаң түрде ұсынамыз.

Осы құрылғының орам материалдарын қоршаған ортаға зиян келтірмейтін етіп тастау керек.

Тоңазытқышты орнатуға ең қолайлы жерді таңдау

Күн сәулесі тура түспейтін жерді таңдаңыз.

Едені тегіс (не барынша тегіс дерлік) жерді таңдаңыз.

Тоңазытқыштың есіктерін оңай ашуға болатын кеңірек жерді таңдау керек.

Тоңазытқышты жеткілікті орын шығарып, тегіс жерге орнату керек.

-- Егер тоңазытқыш деңгейі дұрыс орнатылмаса, ішкі салқындату жүйесі дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

-- Пайдалану үшін қажетті жалпы орын. Төмендегі сызба мен өлшемдерді қараңыз.

18  Kazakhstan

DA68-03174S-09.indb 18

2017. 9. 12. �� 10:39