Қауіпсіздік туралы ақпарат

ақпарат туралы Қауіпсіздік

Бұл құрылғыны ылғалды, майлы немесе шаңды жерге, күн сәулесі тура түсетін немесе сулы (жаңбыр тамшылары) жерге орнатпаңыз.

Бұл құрылғыны газ жылыстап шығуы мүмкін жерге орнатпаңыз.

-- Себебі электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

Тоңазытқышқа шаң немесе су кірсе, ашасын суырып алып, Samsung Electronics қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

-- Әйтпесе өрт шығу қаупі бар.

Құрылғының үстіне шықпаңыз немесе зат қоймаңыз (мысалы, кір, жанып тұрған шамдар, тұтатылған шылым, ыдыстар, химикаттар, металл заттар т.с.с.).

-- Себебі электр қатері, өрт немесе құрылғыға байланысты ақау немесе жарақат алу қаупі пайда болуы мүмкін.

Құрылғыны жерге дұрыс қосу керек.

Құрылғыны газ құбырына, пластик су құбырына немесе телефон жүйесіне тұйықтамаңыз.

-- Тоңазытқышты міндетті түрде тоңазытқыштан жылыстап шыққан электр тоғына соғылып қалмау немесе өрт қатерін болдырмау үшін жерге қосу керек.

-- Себебі электр қатері, өрт, жарылыс немесе құрылғыға байланысты ақау пайда болуы мүмкін.

-- Қорек сымын ешқашан дұрыс жерге қосылмаған розеткаға қоспаңыз және оның жергілікті және мемлекеттік стандарттарға сай келетініне көз жеткізіңіз.

Қорек сымы бүлініп қалса, қатерлі жағдай орын алмас үшін оны өндіруші немесе өндірушінің уәкілетті агенті немесе білікті адам ауыстыруға тиіс.

Тоңазытқыштағы сақтандырғышты білікті техник немесе қызмет көрсету компаниясы ауыстыруға тиіс.

-- Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері пайда болуы немесе адам жарақат алуы мүмкін.

8  Kazakhstan

DA68-03174S-09.indb 8

2017. 9. 12. �� 10:39