АБАЙЛАҢЫЗ

Іске қолдануға қатысты ескертулер

• Құрылғыны барынша жақсы жұмыс істету үшін,

-- Тағамдарды құрылғының артқы жағындағы желдеткіш саңылауларға өте жақын қоймаңыз, себебі тоңазытқыш бөліктің ішіндегі ауаның еркін айналуына кедергі жасайды.

-- Тағамдарды тоңазытқыш ішіне қояр алдында, дұрыс ораңыз немесе ауа кірмейтін сауыттарға салыңыз.

-- Мұздатқыңыз келген тағамды, бұрыннан тұрған тағамның қасына қоймаңыз.

Мұздатқыш бөлікке стакандарды немесе шөлмектерді немесе газдалған сусындарды қоймаңыз.

-- Сауыт мұздап, жарылып кетіп, адам жарақат алуы мүмкін.

Мұздатылған тағамдардың макс. сақтау уақыты мен жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз.

Үш аптадан аз уақытқа кететін кезде тоңазытқышты тоқтан ажыратудың қажеті жоқ. Дегенмен, үш аптаға немесе одан көп уақытқа кетсеңіз, барлық тағамдарды алыңыз.

Тоңазытқышты тоқтан ажыратып, тазалаңыз да, шайып құрғатыңыз.

Мұздатқыш бөлікке газдалған немесе көпіршитін сусындарды қоймаңыз. Бөтелке немесе шыны сауыттарды мұздатқыш бөлікке қоймаңыз.

-- Ішіндегісі мұздаған кезде шыны сынып, адам жарақат алуы немесе мүлікке зиян келуі мүмкін.

Тоңазытқыштың функцияларына өзгеріс енгізбеңіз немесе өзгертпеңіз.

-- Өзгеріс енгізудің нәтижесінде адам жарақат алуы және/немесе мүлікке нұқсан келуі мүмкін. Осы дайын құрылғыға 3-ші тарап енгізген кез келген өзгеріске Samsung тарапынан кепілді қызмет көрсетілмейді, сондай-ақ, Samsung 3-ші тарап енгізген өзгертуден туындаған, қауіпсіздікке қайшы жағдайлар немесе зиян үшін жауапкершілік көтермейді.

Ауа саңылауларын бітемеңіз.

-- Егер ауа саңылаулары бітелсе, әсіресе пластик қалтамен бітелсе, тоңазытқыш қатты салқындап кетуі мүмкін.

Тоңазытқыштағы мұз жасайтын құралды ғана пайдаланыңыз.

ақпарат туралы Қауіпсіздік

Kazakhstan  13

DA68-03174S-09.indb 13

2017. 9. 12. �� 10:39