Қауіпсіздік туралы ақпарат

ақпарат туралы Қауіпсіздік

Ішіндегі артық ылғалды сүртіңіз де, есіктерін ашық қалдырыңыз. -- Әйтпесе, жағымсыз иіс, зең пайда болуы мүмкін.

Тоңазытқыш су болып қалса, ашасын розеткадан суырып, Samsung Electronics қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Шынының бетін қатты ұруға немесе оған шамадан тыс күш салуға болмайды. -- Сынған шыны адамға зақым және/немесе мүлікке зақым келтіруі мүмкін.

Тоңазытқыштың есігіндегі себеттерде өсімдік майын сақтауға болмайды. Май қатты қоюланып, дәмі бүлінуі және оны пайдалану қиындауы мүмкін. Сонымен қатар, ашық ыдыстан май ағып, ол есіктегі себеттің жарылуына себеп болуы мүмкін. Майдың ыдысын ашқаннан кейін ыдысты шкаф немесе шолан сияқты салқын әрі қараңғы жерде сақтаған дұрыс.

-- Өсімдік майларының түрлері: зәйтүн майы, жүгері майы, жүзім дәнінің майы, т. б.

АБАЙЛАҢЫЗ

Тазалау және күтім көрсетуге байланысты Ескертулер

• Тазалағыш құралдарды бейнебетке тура шашпаңыз. -- Бейнебетке басылған қаріптер түсіп қалуы мүмкін.

Құрылғыға су тәрізді бөгде зат кіріп кетсе, ашасын розеткадан суырып, ең жақын қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

-- Бұлай істемесеңіз, электр қатері немесе өрт пайда болуы мүмкін.

Қорек ашасының ағытпаларындағы және контакт тұстарындағы шаң немесе су тәрізді бөгде заттардың барлығын, құрғақ шүберекті пайдаланып уақытылы тазалаңыз.

-- Ашасын суырып, құрғақ шүберекпен тазалаңыз.

-- Бұлай істемесеңіз, электр қатері немесе өрт пайда болуы мүмкін.

Құрылғыға тура су шашып тазалауға болмайды.

Бензол, сұйылтқыш немесе Clorox, хлоридті пайдаланып тазаламаңыз.

-- Себебі бұндай заттар құрылғының беткі қаптамасын бүлдіруі және өрт шығаруы мүмкін.

Үлестіргіш тесікке ешқашан саусақтарыңызды немесе басқа заттарды сұқпаңыз.

-- Адам жарақат алуы немесе мүлікке нұқсан келуі мүмкін.

14  Kazakhstan

DA68-03174S-09.indb 14

2017. 9. 12. �� 10:39