-- Бұл тоңазытқыштың құлап кетуіне, есіктің жұлынып кетуіне немесе есіктің саңылауына қолыңыздың қысылып қалуына себеп болуы мүмкін, ал бұл мүліктің бұзылуына немесе жарақат алуға әкелуі мүмкін.

Тоңазытқыштың қасында болмаған кезде есігін ашық қалдырмаңыз және балаларға тоңазытқыштың ішіне кіруге жол бермеңіз.

Сәбилер мен балалардың тартпаға кіруіне жол бермеңіз.-- Қамалып қалып, тұншығу немесе жарақат алуға байланысты мерт болу қаупі бар.

Жібіту үрдісін жылдамдату үшін, өндіруші ұсынған құралдардан басқа механикалық заттарды не басқа құралдарды қолданбаңыз.

Тоңазытқыш жүйені бүлдіріп алмаңыз.

Тоңазытқыштың сөресін төңкеріп қоймаңыз. Сөренің тірегіші жұмыс істей алмайды.

-- Шыны сөре құлап кетіп, адам жарақат алуы мүмкін.

Газ жылыстап шыққан кезде (пропан газы, сұйылтылған, т.с.с. газ) ашаға қол тигізбей, бөлмені дереу желдетіңіз. Құрылғыға немесе қуат сымына қол тигізбеңіз.

-- Желдеткішті қолданбаңыз.-- Жарқыл шығып, жарылысқа немесе өртке ұласуы мүмкін.

Өндірушіден немесе оның қызмет көрсету агентінен алған LED шамдарын ғана қолданыңыз.

Балаларды құрылғымен ойнамас үшін қадағалап отыру керек.

Саусақтарыңызды “қыстырып алатын аумақтардан” алыс ұстаңыз; есіктер мен корпустың арасына қажетіне орай шамалы орын қалдырылған.

Балаларға есікке тартылып тұруға рұқсат бермеңіз. Себебі ауыр жарақат алуы мүмкін.

Балалар қамалып қалатын қауіп бар.Балаларға тоңазытқыштың ішіне кіруге жол бермеңіз.Бөтелкелерді құлап қалмас үшін бір-біріне өте жақын орналастырып қою керек.Бұл тек үйде тағам сақтауға арналған құрылғы.

Үлестіргіш тесікке және мұз науасына, мұз жасағыштың себетіне ешқашан саусақтарыңызды немесе басқа заттарды салмаңыз.

Kazakhstan  11

ақпарат туралы Қауіпсіздік

DA68-03174S-09.indb 11

2017. 9. 12. �� 10:39