Күтім көрсету

Күтім көрсету

Смарт тексеру

Бұл функцияны қосу үшін әуелі Samsung Smart Washer қолданбасын Play Store немесе Apple Store дүкенінен жүктеп, камера функциясы бар мобильдік құрылғыға орнатыңыз.

Smart Check функциясы Galaxy және iPhone сериялары (қол жетімді үлгілерге ғана қатысты) үшін оңтайландырылған.

1.Кір жуғыш машина тексеруді қажет ететін мәселені анықтағанда, дисплейде ақпарат коды пайда болады. Smart Check режиміне кіру үшін Полоскание (Шаю) және Отжим (Айналдыру) түймесін 3 секунд қатар басыңыз.

2.Кір жуғыш машина өзіне диагностика жасай бастайды, егер мәселе бары анықталса, ақпарат кодын көрсетеді.

3.Мобильдік құрылғыдағы Samsung Smart Washer қолданбасын қосып, Smart Check түймесін түртіңіз.

4.Смартфон камерасы мен кір жуғыш машина бір-біріне қарап тұратын етіп, мобильдік құрылғыны кір жуғыш машинаның дисплейіне жақын қойыңыз. Содан кейін қолданба автоматты түрде ақпарат кодын таниды.

5.Ақпарат коды дұрыс танылғаннан кейін қолданба мәселеге қатысты толық ақпаратты, шешімдерімен бірге ұсынады.

ЕСКЕРІМ

Smart Check функциясының атауы тілге байланысты өзгеше болуы мүмкін.

Егер кір жуғыш машинаның дисплейіне жарық шағылысса, қолданба ақпарат кодын тани алмауы мүмкін.

Қолданба Smart Check кодын бірнеше рет қатарынан тани алмаса, қолданбаның экранына ақпарат кодын қолмен енгізіңіз.

54 Казақ

Untitled-8 54

2018-01-08 ￿￿ 4:06:49

Page 130
Image 130
Samsung WW10M86KNOA/LP manual Смарт тексеру