Іске кірісу алдында

Іске кірісу алдында

НАЗАР САЛЫҢЫЗ

Жуғыш затты жуғыш зат бөлігіне, жуғыш зат немесе мата жұмсартқыш бөлігін салмай тұрып салмаңыз. Егер бұлай істесеңіз, үлестіргішті тазалап, екі бөлігін де қайта салыңыз. Тазалау туралы толық ақпаратты 60-беттен қараңыз.

Автоматты диспенсерді пайдаланғанда тек сұйық жуғыш зат пен мата жұмсартқышты пайдаланыңыз.

Екі бөліктің де салынып тұрғанына көз жеткізіңіз. Егер салынбай тұрса, кір жуғыш машина жұмысын бастамауы немесе жуғыш заттарды құймауы мүмкін.

Басқа жуғыш затқа ауысқанда әуелі жуғыш зат салынатын бөлікті жуыңыз.

Екі бөлікте де мата жұмсартқыш пен жуғыш затты өзара араластырмау керек.

Жуғыш зат қатайып кетпеу үшін диспенсерге жуғыш зат салғаннан кейін оның қақпағын ашпаңыз.

Тоттану және/немесе газ пайда болуға әкелетін ағартқыш зат пайдаланбаңыз.

Диспенсерді төңкеріп пайдаланбаңыз. Ішіндегісі төгіліп қалуы мүмкін.

Екі бөлікті де жылжыту барысында артқы жақтарындағы құю саңылауларын баспаңыз. Ішіндегісі ағуы мүмкін.

Құрылғының тиісті бөліктеріне жуғыш затты немесе мата жұмсартқышты абайлап салыңыз. Ішіндегісі төгіліп қалуы мүмкін.

Жуғыш зат салынатын бөлікті алып, ішінде қалған затты тексергенде (ақау хабары пайда болғанда не көрсетілмей тұрып), оның астыңғы жағынан ішінде қалған зат ағуы немесе онда зат болуы мүмкін.

Кір жуғыш машинаны жылжыту алдында автоматты және қолдан құюға арналған диспенсерлердің бос екеніне көз жеткізіңіз.

Жуғыш немесе мата жұмсартқыш затты құю немесе қайта толтыру деңгейлері, бұл заттардың түріне немесе қалған мөлшерлеріне байланысты.

Автоматты диспенсердің индикаторы жанып тұрса, тиісті бөлікті дереу толтырыңыз. Кешіктіріп толтырғанда жуғыш заттың деңгейі төмендеуі мүмкін.

32 Казақ

Untitled-8 32

2018-01-08 ￿￿ 4:06:45

Page 108
Image 108
Samsung WW10M86KNOA/LP manual 32 Казақ