Есікті күшпен ашқанда құрылғы бұзылуы немесе адам жарақат алуы мүмкін.

Жұмыс істеп тұрған кір жуғыш машинаның астыңғы жағына қолыңызды кіргізбеңіз.

Нәтижесінде жарақат алуыңыз мүмкін.

Қуат ашасын дымқыл қолмен ұстамаңыз.

Электр қатеріне ұшырауыңыз мүмкін.

Жұмыс істеп тұрған құрылғыны ашасынан тартып сөндіруге болмайды.

Ашаны қайта розеткаға сұққан кезде жарқыл пайда болып, электр қатері немесе өрт шығуы мүмкін.

Жуғыш затты балалардың немесе әлсіз адамдардың пайдалануына жол бермеңіз. Балаларға құрылғыға шығуға немесе ішіне кіруге рұқсат бермеңіз.

Электр қатері, күйіп қалуы немесе жарақат алу қаупі бар.

Жұмыс жасап тұрған кір жуғыш машинаның астына қолыңызды немесе темір зат салмаңыз.

Нәтижесінде жарақат алуыңыз мүмкін.

Құрылғыны ашасынан тартып сөндірмеңіз. Ашаны үнемі қатты ұстап, розеткадан тура суырып алыңыз.

Қуат сымына зақым келсе, қысқа тұйықталу, өрт және/не электр қатері орын алуы мүмкін.

Құрылғыны өзіңіз жөндеуге, бөлшектеуге немесе өзгертуге әрекеттенбеңіз.

Стандартты сақтандырғыштан басқа сақтандырғышты (мысалы, мыс, темір орамасы бар т.с.с.) қолданбаңыз.

Құрылғыны жөндеу немесе қайта орнату қажет болған кезде, жақын жердегі қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Бұлай істемегенде, электр қатері орын алуы, өрт шығуы, өнімге нұқсан келуі немесе адам жарақат алуы мүмкін.

Егер су құятын шүмекке жалғанған су түтігі босап қалып, құрылғы судың астында қалса, ашаны розеткадан суырыңыз.

Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

Құрылғы ұзақ уақыт қолданыста болмаса немесе найзағай жарқылдап, күн күркіреген кезде құрылғының ашасын розеткадан суырыңыз.

Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

Құрылғыға қандай да бір бөгде зат кіріп кетсе, қуат ашасын розеткадан суырып, жақын жердегі Samsung тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

Балаларға (не үй жануарларына) кір жуғыш машинаның ішіне кіріп немесе үстіне шығып ойнауға рұқсат бермеңіз. Кір жуғыш машинаның есігі ішкі жағынан оңай ашылмайды және балалар қатты жарақат алуы немесе қамалып қалуы мүмкін.

Қауіпсіздік шаралары

Казақ 9 

Untitled-8 9

2018-01-08 ￿￿ 4:06:39

Page 85
Image 85
Samsung WW10M86KNOA/LP manual Казақ 9