Жүйеге кіру

Әуелі Samsung Connect қолданбасына Samsung есептік жазбаңызбен кіріңіз. Samsung есептік жазбасын жасау үшін қолданбадағы нұсқауларды орындаңыз. Есептік жазба жасау үшін жеке қолданба қажет емес.

ЕСКЕРІМ

Samsung есептік жазбаңыз бар болса, оны жүйеге кіру үшін пайдаланыңыз. Тіркелген Samsung смартфон пайдаланушысы жүйеге автоматты түрде кіреді.

Құрылғыңызды Samsung Connect қолданбасына тіркеу үшін

1.Смартфонның сымсыз желіге қосылып тұрғанына көз жеткізіңіз. Қосылмай тұрса, Settings

(Параметрлер) қойындысына өтіп, сымсыз байланысты қосып, КП (Кіру протоколы) таңдаңыз.

2.Смартфоннан Samsung Connect таңдаңыз.

3.“A new device is found. (Жаңа құрылғы табылды.)” жазуы көрінгенде Add (Қосу) параметрін таңдаңыз.

4.Ешбір хабар көрінбесе + таңдап, қолжетімді құрылғылар тізімінен кір жуғыш машинаны таңдаңыз.

Кір жуғыш машина тізімде болмаса, Device Type (Құрылғы түрі) > Specific Device Model (Нақты құрылғы үлгісі) таңдап, кір жуғыш машинаны қолдан қосыңыз.

5.Кір жуғыш машинаңызды Samsung Connect қолданбасына төмендегідей тіркеңіз.

a.Samsung Connect қолданбасына Samsung есептік жазбаңызбен кіріңіз.

b.Wi-Fi қосылымын қосыңыз.

c.Кір жуғыш машинаңызды Samsung Connect қолданбасына қосыңыз. Кір жуғыш машинаңыздың Samsung Connect қолданбасына қосылғанына көз жеткізіңіз.

d.Тіркеу аяқталғанда кір жуғыш машина смартфонда пайда болады.

Кір жуғыш машина қолданбасы

Біріктірілген басқару: Кір жуғыш машинаңызды үйде немесе далада жүргенде бақылып, басқара аласыз.

Samsung Connect қолданбасынан кір жуғыш машина белгісін таңдаңыз. Кір жуғыш машина беті пайда болады.

Кір жуғыш машинаңыздың жұмыс жасау күйін немесе хабарландыруларды тексеріп, қажет болса, опцияларды немесе параметрлерді өзгертіңіз.

Казақ 49 

Іске пайдалану

Untitled-8 49

2018-01-08 ￿￿ 4:06:48

Page 125
Image 125
Samsung WW10M86KNOA/LP Жүйеге кіру, Құрылғыңызды Samsung Connect қолданбасына тіркеу үшін, Кір жуғыш машина қолданбасы