Желі қызметтері

Өнімді желіге қосу арқылы ағынды бейне немесе желідегі бағдарламалар сияқты әр түрлі желілік қызметтерді пайдалануға болады.

Желі қызметтерін пайдалану үшін, алдымен төмендегіні орындауыңыз керек:

1.Өнімді желіге жалғаңыз. (13-бетті қараңыз)

2.Желі параметрлерін реттеңіз. (22-24 беттерді қараңыз)

Мені автоматты тіркеу тармағын таңдасаңыз, келесі кіргенде, өнім электрондық пошта мен құпия сөзді автоматты түрде енгізеді. Бар болғаны Жүйеге кіру пәрменін таңдау керек.

Есептік жазбаға кіргеннен кейін түймесін басқан болсаңыз, Жүйеге кіру экраны ашылады. Есептік жазбаларды байланыстыру, Профильді өзгерту, Ес-к жазбаны жою және Жүйеден шығу параметрлерін таңдауға болады.

Samsung есептік жазбасына

кіру

SAMSUNG APPS тармағына өтпей тұрып, Samsung есептік жазбасына кіргеніңіз жөн.

Samsung есептік жазбасы болмаса, Есептік жазба жасау тармағын таңдау арқылы жасаңыз.

Samsung есептік жазбасын жасау үшін мына қадамдарды орындаңыз:

1.Басты экран көрсетіліп тұрғанда, түймесін басыңыз. Жүйеге кіру экраны ашылады.

2.«Идентификатор» өрісін таңдап, OK түймесін басыңыз. Қалқымалы пернетақта пайда болады.

3.Осы пернетақтаны пайдаланып электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз. Аяқтағаннан кейін Дайын опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз. Жүйеге кіру экраны қайта ашылады.

4.Құпия сөз өрісін таңдап, OK түймесін басыңыз. Қалқымалы пернетақта пайда болады.

5.Пернетақтаны пайдаланып құпия сөзді енгізіңіз. Аяқтағаннан кейін Дайын опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз. Жүйеге кіру экраны қайта ашылады.

6.Кіру процесін келесіде оңайырақ ету үшін Мені автоматты тіркеу тармағын таңдаңыз да, OK түймесін басыңыз.

7.Жүйеге кіру тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз.

8.Samsung account шарттары мен талаптары экраны ашылады.

9.Келісемін тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз.

10.Есептік шотты белгілейтін суретті таңдаңыз да, OK түймесін басыңыз.

11.Дайын түймесін таңдаңыз.

SAMSUNG APPS қолданбастан

бұрын

Smart Hub қызметін орнатпаған болсаңыз, SAMSUNG APPS тармағын бірінші рет пайдаланғанда, өнім Smart Hub қызметінің параметрлерін орнатуды сұрайды.

1.Басты экранда SAMSUNG APPS тармағына өтіңіз де, OK түймесін басыңыз.

2.Smart Hub қызметін реттеу керектігін сұрайтын Smart Hub қалқымалы терезесі пайда болады. Иә тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз.

Сәлемдесу экраны ашылады.

3.Бастау тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз. Smart Hub шарттары мен талаптары, құпиялық саясаты экраны пайда болады.

4.Smart Hub қызметін пайдалану үшін, Қосымша қызметтер мен таңдаулар экранында Smart Hub шарттары мен талаптарын

және Құпиялылық саясатының екеуін де қабылдауыңыз керек.

5.Құжаттарды толық қарап шығу үшін, төмен жылжып, Мәлімет-і көру түймелерін басыңыз.

Қосымша құпиялылық туралы ескертуге келісу қажет емес, бірақ келіспесеңіз бір немесе бірнеше Smart TV мүмкіндіктері немесе функциялары қол жетімді болмауы мүмкін.

6.Барлығына келісемін тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз. Setup Complete (Орнату аяқталды) экраны пайда болады. OK түймесін басыңыз.

42 - Қазақша

Page 106
Image 106
Samsung HT-J7750W/RU manual Samsung есептік жазбасына Кіру, Samsung Apps қолданбастан Бұрын, Сәлемдесу экраны ашылады