Өнімді толығымен өшіру үшін оны қабырға розеткасынан ажырату қажет. Сондықтан қабырға розеткасы мен қуат кабелі барлық уақытта оңай қолжетімді болуы қажет.

Балалардың өнімге асылып тұруына жол бермеңіз.

Қосалқы бөліктерін (батарея, т.б.) балалардың қолы жетпейтін қауіпсіз орында сақтаңыз.

Өнімді қозғалатын шкаф, еңіс еден секілді тұрақсыз орынға немесе дірілдейтін орынға орнатпаңыз.

Өнімді түсіріп алмаңыз немесе ұрмаңыз. Өнім зақымдалса, қуат сымын ажыратып, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Құралды тазарту үшін қуат сымын қабырға розеткасынан ажыратып, құралды жұмсақ, құрғақ шүберекпен сүртіңіз. Балауыз, жанармай, сұйытқыштар, жәндіктерге қарсы құрал, ауа тазартқыштар, жағармайлар немесе тазартқыш құрал секілді ешқандай химиялық заттарды пайдаланбаңыз. Бұл химиялық заттар өнімнің сыртқы бөлігін зақымдауы немесе өнімнің жазуын өшіруі мүмкін.

Өнімге еш нәрсе тамбауы немесе шашырамауы тиіс. Өнімге ваза сияқты сұйықтық құйылған заттарды қоймаңыз.

Батареяларды отқа тастамаңыз.

Бірнеше электр құрылғыны бір розеткаға қоспаңыз. Розеткаға шамадан тыс жүктеме түскенде ол қызып кетіп, өрт шығуы мүмкін.

Қашықтан басқару құралындағы батареяларды қате батарея түрімен ауыстыру жарылыс қаупін тудырады. Бірдей немесе балама түрімен ғана ауыстырыңыз.

АБАЙЛАҢЫЗ!

ӨРТ ШАШЫРАУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН ШАМДАР МЕН АШЫҚ ОТЫ БАР БАСҚА ДА ЗАТТАРДЫ ОСЫ ӨНІМНЕН БАРЛЫҚ

УАҚЫТТА АЛЫС ҰСТАҢЫЗ.

Өрт немесе ток соғу қаупін азайту үшін құрылғыға жаңбыр немесе ылғал әсерін тигізбеңіз.

1-КЛАСТЫ ЛАЗЕР өнімі

Өнім 1-КЛАСТЫ ЛАЗЕР өнімі ретінде классификацияланған. Осы құжатта көрсетілмеген басқару элементтерін, реттеулерді немесе процедураларды пайдаланса, аса қауіпті радиациялық сәулелену жағдайлары туындауы мүмкін.

ЕСКЕРТУ!:

INVISIBLE LASER RADIATION WHEN OPEN AND INTERLOCKS DEFEATED, AVOID EXPOSURE TO BEAM.

CLASS 1

LASER PRODUCT

KLASSE 1

LASER PRODUKT

LUOKAN 1

LASER LAITE

KLASS 1

LASER APPARAT

PRODUCTO

LÁSER CLASE 1

3D сақтық шаралары

3D БЕЙНЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ.

3D функциясын пайдаланбас бұрын, төмендегі қауіпсіздік ақпаратын оқып, түсініп алыңыз.

3D бейнесін тамашалау барысында, кейбір көрермендер бас айналу, лоқсу және бас ауыру сияқты ыңғайсыздықтарды сезіну мүмкін. Осындай симптомдардың кез келгені пайда болса, 3D бейнесін көруді тоқтатып, 3D көзілдірігін шешіп, демалыңыз.

3D бейнелерін ұзақ көру көзді ауыртуы мүмкін. Көз ауырса, 3D бейнесін көруді тоқтатып, 3D көзілдірігін шешіп, демалыңыз.

3D функциясын пайдаланып отырған балаларды жауапты ересек адам жиі тексеріп отыруы тиіс. Көздердің талғаны, бас ауруы, бас айналуы немесе лоқсу жағдайлары байқалса, балалардың 3D бейнесін көруін тоқтатып, оларды демалдырыңыз.

3D көзілдірігін басқа мақсаттарда (мысалы, әдеттегі көзілдірік, күнге қарсы көзілдірік, қорғайтын арнайы көзілдірік, т.б.) пайдаланбаңыз.

Жүріп бара жатқанда немесе қозғалыс кезінде 3D функциясын немесе 3D көзілдірігін пайдаланбаңыз. 3D функциясын немесе 3D көзілдірігін қозғалыс барысында пайдаланса, бір нәрсеге соғуға, сүрінуге және құлап қалып, ауыр жарақат алуға әкелуі мүмкін.

3D бейнесін тамашалау үшін, 3D құрылғысын (3D бейнесімен үйлесімді AV қабылдағышы немесе теледидар) жоғары жылдамдықты HDMI кабелінің көмегімен өнімнің HDMI OUT портына жалғаңыз. 3D бейнесін ойнатпас бұрын, 3D көзілдірігін тағып алыңыз.

Өнім 3D сигналдарын тек HDMI OUT портына жалғанған HDMI кабелі арқылы шығарады.

3D ойнату режиміндегі бейне ажыратымдылығы бастапқы 3D бейнесінің ажыратымдылығына орнатылған. Ажыратымдылықты өзгерту мүмкін емес.

3D ойнату режимінде BD Wise, экран өлшемін реттеу және ажыратымдылықты реттеу сияқты кейбір функциялар дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

3D сигналы дұрыс шығу үшін жоғары жылдамдықты HDMI кабелін пайдалану керек.

3D бейнелерін тамашалағанда, экраннан кемінде оның енінен үш есе үлкен қашықтықта отырыңыз. Мысалы, экранның өлшемі 46 дюйм болса, экраннан 3,5 метр алшақ отырыңыз.

3D бейнесі жақсы көріну үшін 3D бейне экраны көзбен бір деңгейде болуы керек.

Егер өнім қандай да бір 3D құрылғыларына қосылған болса, 3D әсері дұрыс қызмет атқармауы мүмкін.

Бұл өнім 2D мазмұнды 3D пішіміне түрлендірмейді.

«Blu-ray 3D» және «Blu-ray 3D» логотипі — «Blu- ray Disc Association» компаниялар тобының сауда белгілері.

Қауіпсіздік Ақпараты

3 - Қазақша

Page 67
Image 67
Samsung HT-J7750W/RU manual 3D сақтық шаралары, Класты Лазер өнімі, Қауіпсіздік Ақпараты, Абайлаңыз, Уақытта Алыс Ұстаңыз