Динамик параметрлері (Multiroom Link) : Дыбысты үй кинотеатрына үй желісі арқылы жалғанған қашықтағы динамиктен тыңдауға болады. Желі динамигін пайдалану үшін Multiroom тармағын таңдаңыз. Қолжетімді желі динамигі бар болса, ол экранда пайда болады.

-Пайдаланбаңыз : Жел динамигі пайдаланылмаған.

-Multiroom : Желі динамигінен дыбыс шығып тұр. Тек PCM пішімінің пайдаланылуына қарамастан, балық желі динамиктері бірдей дыбысты шығарады.

Multiroom Қосулы мәніне орнатылған болса, SOUND EFFECT және 3D SOUND параметрлері қолданылмайды.

Screen Mirroring функциясы пайдаланылғанда желі динамигі қол жетімді болмайды.

Қосымша мәліметтерді веб-сайттағы Multiroom Link нұсқаулығынан қараңыз. www.samsung.com > Support > Өнімнің атауын іздеңіз > Multiroom Link > PDF файлын жүктеп алыңыз

Теңшеу дыбысы

Дыбыс реттеулері үй кинотеатры үшін есту деңгейіңізге және қоршаған орта жағдайларына негізделе отырып ең оңтайлы дыбыс сапасын таңдауға мүмкіндік береді.

Дыбыс профилін тең-у жасау үшін, мына қадамдарды орындаңыз:

1.Теңшеу дыбысы мәзірінің Теңшеу дыбысын қосу тармағын таңдаңыз.

2.Келесі экрандағы Іске қосу түймесін басыңыз. Қарап алу экраны ашылады.

3.Сынақ дыбысты алдын ала көру үшін Қарап алу тармағын таңдаңыз. Жалғастыру үшін Кел-і опциясын таңдаңыз да, OK түймесін басыңыз.

4.6-қадамдық сынақ басталады. Әр сатыда теледидар сынақ тонды әр түрлі жиілікте шығарады. Тон төмен дыбыс деңгейімен басталып, жайлап артады. Сынақ тон естілгенде Иә тармағын таңдаңыз. Қайтадан тыңдағыңыз келсе, Әр-ті қайт тармағын таңдаңыз. Иә тармағын таңдаған сайын теледидар келесі тонға ауысып отырады. Сынақ аяқталған соң, бастапқы дыбысты реттелген дыбыспен салыстыруға мүмкіндік беретін экран ашылады.

5.Жалғастыру үшін Кел-і опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз. Әдепкі профиль атауы көрсетілген экрандық пернетақта ашылады.

6.Реттелген дыбыс профилі үшін атау енгізіп немесе әдепкі атауды қабылдап, Дайын тармағын таңдаңыз да, OK түймесін басыңыз.

7.Келесі экраннан Дайын тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз. Теңшеу дыбысы экраны ашылады.

Дыбыс профилін тең-у : Іске қосу үшін жасалған дыбыс профилін таңдаңыз. Немесе есту қабілеті нашар адамдар үшін арнайы үлкен дыбыстардан құралған Есту қабілеті нашар реттелетін дыбыс профилін пайдаланыңыз.

Егер 3-тен көп реттелетін дыбыс тіркелген болса, барлық тіркелген профильдердің орташа мәнінен құралған Жанұя режимі қосылады.

Теңшеу дыбысын қосу : Жаңа Дыбыс профилін тең-у профилін жасаңыз және қосыңыз . Жоғарыдағы нұсқауларды көріңіз.

Реттелетін дыбысты өзгерту : Өзгерту Дыбыс профилін тең-у үшін тармағын таңдаңыз. Дыбыс профилін жасау үшін пайдаланған қадамдарды орындаңыз. Бұл функция тек Теңшеу дыбысын қосу арқылы Дыбыс профилін тең-у профилін қосқан болсаңыз қол жетімді болады. (Жоғарыдағы нұсқауларды көріңіз.)

Теңшеу дыбысын бас-у : Өзгертпелі дыбыс профильдерінің атауын өзгерту немесе жою. Бұл функция тек Теңшеу дыбысын қосу арқылы Дыбыс профилін тең-у профилін қосқан болсаңыз қол жетімді болады. Таңдау үшін профильдің оң жағындағы ұяшыққа құсбелгі қойып, Қайта ат немесе Жабу тармағын таңдаңыз.

Эквалайзер

Эквалайзер параметрлерін қолмен конфигурациялауға мүмкіндік береді.

Интеллект-қ дыбыс

Көрсетілім өзгерісі орын алғанда немесе арна ауыстырылғанда дыбыс деңгейі тұрақты болып қалатындай етіп өнімді орнатуға мүмкіндік береді.

Параметрлер

17 - Қазақша

Page 81
Image 81
Samsung HT-J7750W/RU manual Пайдаланбаңыз Жел динамигі пайдаланылмаған, Эквалайзер, 17 Қазақша