5.Басқа қолданбаларды таңдау үшін 4-қадамды қайталаңыз. Барлық қолданбалардың бірден таңдау не бірден таңдаудан бас тарту үшін экранның төменгі жағындағы Барлығын таңдау немесе Барлығын таңдамау параметрін пайдаланыңыз. Жеке қолданбалардан бас тарту үшін, қолданба қайтадан таңдаңыз да, OK түймесін басыңыз. Құсбелгі алынады.

6.Таңдауларға құсбелгі қойып болған соң, экранның төменгі жағындағы Сақт. параметріне өтіп, OK түймесін басыңыз.

7.Таңдалған бағдарламаның белгішесінде құлып белгісі пайда болады. Құлыпталған бағдарламаны жою немесе құлпын ашу үшін PIN нөмірін енгізуді сұрауы мүмкін.

Бағдарламаларды жаңарту

1.МЕНІҢ APPS экранында кез келген бағдарламаны таңдап, OK түймесін 3 секунд басып тұрыңыз. Параметр мәзірі ашылады.

2.Бағдарламаларды жаңарту тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз.

3.Бағдарламаларды жаңарту экранында қол жетімді жаңартулары бар барлық бағдарламалардың тізімі көрсетіледі. Жаңарту керек бағдарламаны таңдаңыз да, OK түймесін басыңыз. Сондай-ақ, тізімдегі барлық бағдарламаларды жаңарту үшін Барл-н таңдау параметрін таңдауға болады.

4.Жаңарту тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз.

Screen Mirroring

Screen Mirroring функциясы смартфонның немесе Аndroid планшетінің экранын өнімге қосылған теледидардан көруге мүмкіндік береді.

1.Басты экранда Screen Mirroring тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз.

2.Құрылғыда AllShare Cast немесе Screen Mirroring функциясын іске қосыңыз.

3.Құрылғыдағы қол жетімді құрылғылардың тізімінен өнімнің атауын табыңыз да, таңдаңыз.

4.ТД қосылу туралы хабарды (мысалы, Connecting to Android_92gb... (Android_92gb...

құрылғысына қосылу орындалуда)), содан кейін қосылғаны туралы хабарды көрсетеді.

5.Бірнеше секундтан кейін құрылғының экраны теледидарда пайда болады.

6.Screen Mirroring функциясын ажырату үшін қашықтан басқару құралындағы e (ШЫҒУ) немесе ' (ҚАЙТУ) түймесін басыңыз немесе смартфондағы Screen Mirroring функциясын өшіріңіз.

AllShare Cast немесе Экранның айналық көшірмесін қолдайтын құрылғыға қосылуға болады. Өндірушіге байланысты AllShare Cast немесе Экранның айналық көшірмесі мүмкіндігі бар барлық құрылғыларға қолдау көрсетіле бермейтіндігін ескеріңіз. Мобильді байланысқа қолдау туралы қосымша ақпаратты өндірушінің веб-торабынан қараңыз.

Screen Mirroring функциясын қолданған кезде, ортаңызға байланысты бейненің тоқталуы немесе дыбыстың жоғалуы орын алуы мүмкін.

Bluetooth сигналының таратылымдары Screen Mirroring сигналына кедергі келтіруі мүмкін. Screen Mirroring функциясын қолданбас бұрын, смартфондағы немесе смарт құрылғыдағы (планшет, т.б.) Bluetooth функциясын өшіруді қатал түрде ұсынамыз.

Веб-браузерді пайдалану

Интернетке веб-браузер бағдарламасын пайдаланып кіре аласыз.

1.Басты экранындағы SAMSUNG APPS тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз.

2.SAMSUNG APPS экранында WebBrowser тармағын таңдаңыз да, OK түймесін басыңыз.

Веб-браузерді HDMI арқылы BD Wise мүмкіндігімен үйлесімді теледидарға қосылған өнімде іске қосқанда және BD Wise функциясы қосылып тұрғанда браузер экранды толтыратындай үлкейтіледі және теледидар ажыратымдылығы оңтайлы ажыратымдылыққа автоматты түрде орнатылады.

Веб-браузер Java бағдарламаларымен үйлесімді емес.

Flash Player мазмұндары веб-браузермен ойнатылмайды.

Егер файлды жүктеуге әрекет жасап, файлды сақтау мүмкін болмаса, қате туралы хабар пайда болады.

Электрондық саудаға (өнімдерді желіде сатып алуға) қолдау көрсетілмейді.

ActiveX басқару элементтеріне қолдау көрсетілмейді.

Белгілі бір бизнестер тарапынан басқарылатын кейбір веб-тораптарға немесе веб- браузерлерге кіруге тыйым салынуы мүмкін.

Желі қызметтері

45 - Қазақша

Page 109
Image 109
Samsung HT-J7750W/RU manual Screen Mirroring, Веб-браузерді пайдалану, Бағдарламаларды жаңарту, Желі қызметтері