Параметрлер
Дыбысты теледидардан үй кинотеатрының динамиктеріне бағыттауға мүмкіндік береді. HDMI байланысын және Дыбыстық кері арна (ARC) үйлесімді теледидарды талап етеді.
•Дыбыстық кері арна Қосу күйіне орнатылса және өнімді теледидарға қосу үшін HDMI кабелін пайдалансаңыз, сандық оптикалық кіріс жұмыс істемейді.
•Дыбыстық кері арна параметрі Авто ретінде орнатылса және өнімді теледидарға қосу үшін HDMI кабелін пайдалансаңыз, ARC немесе сандық оптикалық кіріс автоматты таңдалады.
Цифрлық шығысӨнімге жалғанған AV қабылдағышы мүмкіндіктеріне сәйкес келетін Цифрлық шығыс орнатуға мүмкіндік береді. Қосымша мәліметтерді сандық шығыс сигналын таңдау кестесінен көруге болады.
Динамикалық диапазонды бақылау мүмкіндігін Dolby Digital, Dolby Digital Plus және Dolby TrueHD аудио жүйесіне қолдануға мүмкіндік береді.
Авто: Dolby TrueHD дыбыс жолындағы ақпарат негізінде Dolby TrueHD дыбысының динамикалық диапазонын автоматты түрде басқарады.
Өшіру: динамикалық диапазонды қыспай, бастапқы дыбысты естуге мүмкіндік береді.
Қосу: барлық үш Dolby пішімі үшін динамикалық диапазон бақылауын қосады. Әлсіз дыбыстар күшейтіледі және қатты дыбыстардың деңгейі төмендетіледі.
Төмендету режиміСтерео жүйемен үйлесімді бірнеше арналы араластыру әдісін таңдауға мүмкіндік береді. Өнімді төмен араластыруды Қалыпты стерео немесе Көлемді дыбыспен үйлесімді параметріне реттеуді таңдауға болады.
Өнім сандық теледидарға тіркелгенде, дыбыс бейнемен синхрондалуы үшін бейне кідірісін реттеуге мүмкіндік береді. Кідірісті 0 және 300 миллисекунд арасында орнатуға болады.
✎Аудио синхр. ішіндегі Авто функциясының ARC функциясын (Anynet+ функциясын) қолдайтын Samsung теледидарымен жұмыс істейтініне кепілдік берілген.
ЖеліЖелі күйіАғымдағы желі және Интернет күйін тексеруге мүмкіндік береді.Желі параметрлеріИнтернет қызметтері немесе DLNA Wi-Fi мүмкіндігі сияқты әртүрлі мүмкіндіктерді пайдалану және бағдарламалық құралды жаңарту үшін желі қосылымын конфигурациялауға мүмкіндік береді.
Сымсыз маршрутизаторсыз, тең құқылы желі арқылы
✎
Желідегі смартфон мен планшеттер сияқты басқа құрылғылардың өніммен мазмұнды бөлісе алуына мүмкіндік береді.
Құрылғы атауыӨнімге анықтамалық атау тағайындауға мүмкіндік береді. Бұл атауды өнімге сыртқы WiFi құрылғыларын (смартфондар, планшеттер, т.б.) қосқанда, оны анықтау үшін пайдалана аласыз.