Параметрлер

Сымсыз HID пернетақтасы кедергі себебінен жұмыс істемесе, пернетақтаны өнімге жақындатыңыз.

Қауіпсіздік

Экранда сандық пернетақта пайда болғанша 123 түймесін басып тұрыңыз. Сандық пернетақта пайда болған кезде 78:; түймесі арқылы санды таңдап, OK түймесін басыңыз. Әдепкі қауіпсіздік PIN коды: 0000. Өз PIN кодыңызды жасамаған болсаңыз, қауіпсіздік функциясына кіру үшін әдепкі PIN кодын енгізіңіз.

BD ата-ана рейтингі : PIN енгізілмеген жағдайда белгілі бір жас рейтингіне тең немесе одан жоғары рейтингке ие Blu-ray дискілерін ойнатуға жол бермейді.

DVD ата-ана бағалауы : PIN енгізілмеген жағдайда реттелген белгілі бір сандық рейтингтен жоғары рейтингке ие DVD дискілерін ойнатуға жол бермейді.

PIN кодын өзг. : қауіпсіздік функцияларына кіру үшін пайдаланылатын 4 санды PIN кодын өзгертеді.

PIN кодын ұмытып қалсаңыз

1.Барлық дискілерді немесе USB жад құрылғыларын ажыратыңыз.

2.Алдыңғы панельдегі @ түймесін 5 секунд немесе одан артық басып тұрыңыз. Барлық параметрлер зауыттық әдепкі параметрлерге қайтарылады.

Әдепкі зауыт параметрлері қалпына келгенде, пайдаланушы сақтаған барлық BD деректері жойылады.

Жалпы

Дисплей жарықтығы мен уақыт белдеуін көрсетуге мүмкіндік береді.

Алдыңғы дисплей : алдыңғы панельдің жарықтығын өзгертуге мүмкіндік береді.

Уақыт белдеуі : аймаққа сәйкес сағат белдеуін көрсетуге болады.

Мәзір мөлдірлігі : мәзір жолағының мөлдірлігін өзгертуге мүмкіндік береді.

Anynet+ (HDMI-CEC)

Anynet+ дегеніміз Anynet+ мүмкіндігі бар басқа Samsung өнімдерімен байланысып әрекет ету және сол өнімдерді бір Samsung теледидарының қашықтан басқару құралымен басқаруға мүмкіндік беретін қолайлы функция. Бұл функцияны пайдалану үшін осы өнімді HDMI кабелімен Anynet+ Samsung теледидарына жалғау қажет.

Anynet+ (HDMI-CEC) функциясын пайдалану үшін төмендегі нұсқауларды орындаңыз.

1)Өнімді Anynet+ (HDMI-CEC) функциясына үйлесімді Samsung теледидарына HDMI кабелі арқылы қосыңыз.

2)Теледидар мен өнімнің екеуінде де Anynet+ (HDMI-CEC) мүмкіндігін Қосу күйіне реттеңіз.

3)Теледидардың Anynet+ (HDMI-CEC) тізіміндегі өнімді іздеп, таңдаңыз. Қосымша нақты нұсқауларды теледидардың пайдаланушы нұсқаулығының Anynet+ бөлімінен қараңыз.

DivX® талап бойынша

DivX® VOD мазмұнын сатып алу және ойнату үшін, DivX® VOD тіркеу кодтарын қараңыз.

Қолдау

Қашықтықтан басқару

Іске қосылған кезде Samsung көмек беру орталығының қызметкерлеріне өнімді қашықтан тексеріп, ақаулықтарды жөндеуге мүмкіндік береді. Белсенді интернет байланысы қажет. Қашықтықтан басқару қызметі кейбір елдерде болмауы мүмкін.

Бағдарламалық қамт-ды жаңарту

Бағдарламалық қамт-ды жаңарту функциясы туралы қосымша ақпаратты 25-беттегі «Бағдарламалық құралды жаңарту» бөлімінен қараңыз.

Пайдалану режимі

Пайдалану режимі реттеуге мүмкіндік береді. Үй кинотеатрын үйде пайдалансаңыз, әрқашан Үйде пайд. режимін таңдаңыз. Көрсету тек сату дисплей параметрлеріне арналған.

Samsung комп-на хабарласу

Өнімді пайдалану туралы көмек алу үшін қажетті хабарласу ақпаратын береді.

Қалп.

Желі және Smart Hub параметрлері үшін басқа барлық параметрлерді әдепкі мәндеріне қайтарады. Қауіпсіздік PIN кодын енгізуді талап етеді. Экранда сандық пернетақта пайда болғанша 123 түймесін басып тұрыңыз. Сандық пернетақта пайда болған кезде 78:; түймесі арқылы санды таңдап, OK түймесін басыңыз. Әдепкі қауіпсіздік PIN коды: 0000.

20 - Қазақша

Page 84
Image 84
Samsung HT-J7750W/RU manual  PIN кодын ұмытып қалсаңыз, DivX талап бойынша, Қолдау Қашықтықтан басқару, Пайдалану режимі