Радио параметрлерін орнату

• Алдын ала орнатылған станцияға реттеу

үшін PRESET түймесін басып, PRESET

 

тармағын таңдаңыз, одан кейін алдын ала

• Радионы тыңдау үшін, жабдықпен берілген FM

орнатылған станцияны таңдау үшін 78

антеннаны жалғау керек.

түймелерін басыңыз.

Радионы қашықтан басқару құралы арқылы басқару

1.FM тармағын таңдау үшін, SOURCE түймесін басыңыз.

2.Қажетті станцияға орнатыңыз.

1-алдын ала орнатылған радиостанцияға дәлдеу: PRESET түймесін басып, PRESET тармағын таңдаңыз да, 78 түймелерін басып, алдын ала орнатылған радиостанцияны таңдаңыз.

-Алдын ала орнатылған станцияларды реттеместен бұрын, алдын ала орнатылған станцияларды алдымен өнім жадына қосуыңыз керек.

Қолмен дәлдеу: MANUAL параметрін таңдау үшін, PRESET түймесін басыңыз, одан кейін төменірек немесе жоғарырақ бір жиілікке дәлдеу үшін 78 түймелерін басыңыз.

Автоматты дәлдеу: MANUAL параметрін таңдау үшін PRESET түймесін басыңыз, одан кейін жиілікті автоматты түрде іздеу үшін 78 түймелерін басып тұрыңыз.

Моно немесе стерео параметрін таңдау

ST/MO түймесін басыңыз.

Осы түймені басқан сайын дыбыс STEREO және MONO параметрлері арасында ауысып тұрады.

Сигнал нашар қабылданатын аймақта тарату таза, кедергісіз болуы үшін MONO параметрін таңдаңыз.

Станцияларды алдын ала орнату

Мысалы: FM 89.10 станциясын жадқа алдын ала орнату.

1.FM тармағын таңдау үшін, SOURCE түймесін басыңыз.

2.<89.10> тармағын таңдау үшін 78 түймелерін басыңыз.

3.MEMORY түймесін басыңыз.

Дисплейде NUMBER (НӨМІР) жазуы жыпылықтайды.

4.MEMORY түймесін қайтадан басыңыз.

NUMBER (НӨМІР) жазуы дисплейден өздігінен жоғалмай тұрып, MEMORY түймесін басыңыз.

MEMORY түймесі басылғаннан кейін, NUMBER (НӨМІР) жазуы дисплейден жоғалады және станция жадта сақталады.

5.Басқа станцияға алдын ала орнату үшін, 2 – 4 қадамдарды қайталаңыз.

FM радиосын жазу

Қосылған USB жад құрылғысында таңдаулы радио таратылымын жазуға болады.

1.Өнімнің алдындағы USB ұяшығына USB құрылғысын қосыңыз.

2.FM параметрін таңдау үшін, SOURCE түймесін басыңыз да, жазылатын станцияны таңдау үшін, 78 түймелерін басыңыз.

3.Жазуды бастау үшін A (Қызыл) түймесін басыңыз. Жазу басталды.

Жазылған уақыт сол жақта көрсетіледі және USB жад құрылғысындағы бос орынға сай әлі қол жетімді уақыт оң жақта көрсетіледі.

4.Жазуды аяқтау үшін e(ШЫҒУ) түймесін басыңыз. Бір уақытта жазу тоқтатылады және

.mp3 файлы ретінде сақталады. Жазылған файлды ойнату үшін «Сақтау құрылғысындағы файлдарды ойнату» бөлімін қараңыз.

Жазылған файл автоматты түрде жасалған Tuner қалтасында сақталады.

FM радиосы жазылып жатқанда, тек(АШУ/ ЖАБУ),(ҚУАТ), e(ШЫҒУ), (ДЫБЫСТЫ ӨШІРУ), және VOL +/- түймелерін қолдануға болады.

Жазу кезінде ешбір түймені баспасаңыз, экран сақтағыш қосылады.

FM радиосы жазылып жатқанда DSP, EQ, т.с.с. дыбыс әсерлері жазылмайды.

Тіпті жазу процесінің барысында дыбыс деңгейін өзгертсеңіз де немесе (ДЫБЫСТЫ ӨШІРУ) түймесін бассаңыз да, радио көрсетілген әдепкі дыбыс деңгейімен жазылады.

Егер жазу процесінің барысында USB құрылғысын немесе қуат кабелін ажыратсаңыз, соған дейін жазылған файлдың сол бөлігі ойнатылмауы мүмкін.

USB жадында қалған бос орын 2 МБ-тан азырақ болса, жазу басталмайды.

USB құрылғысы ажыратылса немесе бос орын жеткіліксіз болса (2 МБ-тан азырақ), сәйкес хабар көрсетіледі және жазу тоқтатылады.

Параметрлер

21 - Қазақша

Page 85
Image 85
Samsung HT-J7750W/RU manual Радио параметрлерін орнату, Радионы қашықтан басқару құралы арқылы басқару, FM радиосын жазу