BD-Live параметрлері

Түрлі BD-Live функцияларын орнатуға мүмкіндік береді. BD-Live функциясы Интернетке қосылып отырсаңыз, кейбір Blu-ray дискілерінде болатын қосымша мүмкіндіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

BD-Live интернет қосылымы : BD-Live интернет қосылымына толығымен рұқсат беруге, жартылай рұқсат беруге немесе тыйым салуға мүмкіндік береді.

BD деректерді басқару : BD-Live қызметінен немесе Blu-ray дискінен жүктелген BD деректерін басқарады.

BD-Live функциясын пайдалану үшін USB сақтау құрылғысын үй кинотеатрының USB портына қосу керек.

Smart Hub

Жазу

VOD (сұрау бойынша бейне) ойнатылуы кезінде жабық субтитрлер функциясына қолдау көрсететін субтитрлерді өзгерту үшін пайдаланыңыз. Көрсетілетін субтитрлер қарпінің түсі мен өлшемін өзгертуге мүмкіндік береді.

Жазу функциясы жабық субтитрлерге қолдау көрсетпейтін VOD қызметтерімен жұмыс істемейді. Жабық субтитрлерге қолдау көрсететін кейбір VOD қызметтері үшін функция параметрлері қолданылмауы мүмкін.

Елге байланысты бұл мәзірге қолдау көрсетілмеуі мүмкін.

Шарттар және саясат

Samsung ес. жазб. шарттары мен талаптары, Құпиялық саясаты

Smart Hub, Samsung есептік жазбаларын және әр түрлі басқа да қызметтерді пайдалану шарттары мен құпиялылық саясатын көруге болады.

Smart Hub параметрін бастапқы күйіне қайтару

Барлық Smart Hub параметрлерін өздерінің әдепкі параметрлеріне қалпына келтіреді. Пайдалану үшін қауіпсіздік PIN кодын енгізуіңіз қажет. Экранда сандық пернетақта пайда болғанша 123 түймесін басып тұрыңыз. Сандық пернетақта пайда болған кезде 78:; түймесі арқылы санды таңдап, OK түймесін басыңыз.

Әдепкі қауіпсіздік PIN коды: 0000.

Жүйе

Орнату

Бастапқы параметрлер процедурасын қайта іске қосуға мүмкіндік береді.

Экранда көрсетілген сипаттамаларды қараңыз.

Жылдам бастау

Жүктелу уақытын азайту арқылы өнімді жылдам қосылатын етіп орнатуға мүмкіндік береді.

Бұл функция Қосу күйіне орнатылса, Күту режиміндегі қуат тұтыну мөлшері артады. (Шамамен 12 Вт ~ 20 Вт)

Тіл

Экран мәзірі, диск мәзірі, аудио, субтитрлер, т.б. үшін өзіңізге керекті тілді таңдауға мүмкіндік береді.

Диск мәзірі, диск дыбысы немесе субтитрлер үшін таңдалған тілге дискіде қолдау болса ғана, ол көрсетіледі.

Құрылғы менедж.

Өнімнің алдыңғы жағындағы USB портына сымсыз USB пернетақтасын немесе тінтуірін қосуға мүмкіндік береді.

П-тақта параметрлері : өнімге қосылған сымсыз USB пернетақтасын конфигурациялауға мүмкіндік береді.

Веб-браузерде QWERTY пернетақтасының

экраны немесе терезесі көрсетілгенде ғана пернетақтаны пайдалануға болады.

Тінтуір параметрлері : өнімге қосылған сымсыз USB тінтуірін конфигурациялауға мүмкіндік береді. Тінтуірді компьютерде пайдаланғандай өнімнің мәзірінде пайдалануға болады.

Тінтуірді өнімнің мәзірінде пайдалану үшін:

1.USB тінтуірін өнімге қосыңыз.

2.Тінтуір параметрлері ішінде таңдаған негізгі түймені басыңыз. Қарапайым мәзір пайда болады.

3.Қажетті мәзір параметрлерін нұқыңыз.

Кейбір USB HID пернетақталары мен тінтуірлері сіздегі өніммен үйлесімді болмауы мүмкін.

Кейбір HID пернетақта пернелері жұмыс істемеуі мүмкін.

Сымды USB пернетақталарына қолдау көрсетілмейді.

Кейбір бағдарламаларға қолдау көрсетілмеуі мүмкін.

Параметрлер

19 - Қазақша

Page 83
Image 83
Samsung HT-J7750W/RU BD-Live параметрлері, Smart Hub Жазу, Smart Hub параметрін бастапқы күйіне қайтару, Тіл, 19 Қазақша