Желі қызметтері

Сілтемелерді шолу және меңзермен шолу

Веб-браузер шолудың екі түрін қамтамасыз етеді: меңзермен шолу және сілтемелерді шолу. Браузерді бірінші рет іске қосқанда меңзермен шолу белсенді болады. Егер веб-браузерде шарлау үшін тінтуірді пайдаланып жатсаңыз, меңзермен шолуды белсенді күйде қалдыру ұсынылады. Меңзермен шолу функциясын пайдаланып, қашықтан басқару құралындағы бағыттау пернелері арқылы меңзерді жылжытасыз. Тінуірді пайдаланғанда компьютердегідей меңзер экран ішінде еркін жылжиды. Сілтемелерді шолу функциясы арқылы бөлектеуді бір сілтемеден, түймеден немесе енгізу өрісінен екіншісіне жылжыту үшін бағыттау пернелерін пайдалануға болады. Бөлектеу тек сілтемелермен, түймелермен және енгізу өрістерімен шектелген.

Сілтемелерді шолуды іске қосу үшін мына қадамдарды орындаңыз:

1.Қашықтан басқару құралындағы 78:; түймелерін пайдаланып меңзерді экранның жоғарғы оң жағындағы «Сілтемелер браузері» белгішесіне жылжытыңыз. «Сілтемелер браузері» оң жақтан санағанда үшінші белгіше болады. Белгіше түсі көкке өзгерсе және экранда «Сілтемелер браузері» сөздері пайда болса, меңзер дұрыс күйде болады.

2.OK түймесін басыңыз. Сілтемелерді шолу енді белсенді және веб-браузерді ашқан сайын немесе «Көрсеткіні шолу» параметріне өзгерткенге дейін белсенді болады.

Басқару панелі туралы қысқаша мәлімет

Экранның жоғарғы жағындағы басқару панелінде бірқатар пайдалы функцияларды іске қосатын бірқатар белгіше бар. Белгішелер төменде экранның сол жағындағы белгішеден бастап сипатталған.

http://www.samsung.com

100%

: алдыңғы бетке жылжытады.

: келесі веб-бетке жылжытады.

: Бетбелгілер мен журнал экранын көрсетеді. Ағымдағы бетке бетбелгі қоюға, бар бетбелгіні таңдауға, әрі бетбелгілерді өңдеуге және жоюға болады. Сондай-ақ, шолу журналын көруге және қайта кіретін бетті таңдауға болады.

: веб-браузердің басты экранын ашады.

http://www.samsung.com : қалқымалы пернетақтаны пайдаланып беттің мекенжайын қолмен енгізуге мүмкіндік береді.

: экранда жаңартылуы үшін ағымдағы бетті қайта жүктейді.

: бетбелгілерге ағымдағы бетті қосады.

: қалқымалы пернетақтаны пайдаланып сөздерді немесе таңбаларды енгізу арқылы ақпаратты іздеуге мүмкіндік береді. Келесі беттегі «Қалқымалы пернетақтаны пайдалану» бөлімін қараңыз.

100% : әр түрлі пайыздармен экранды үлкейтуге немесе қысуға мүмкіндік береді.

/ : меңзермен шолу және сілтемелерді шолу арасында ауысуға мүмкіндік береді.

: браузер параметрлерін реттеуге мүмкіндік береді. 48-беттегі «Параметрлер мәзірін пайдалану» бөлімін қараңыз.

: веб-браузерді жабады.

46 - Қазақша

Page 110
Image 110
Samsung HT-J7750W/RU manual Сілтемелерді шолу және меңзермен шолу, Басқару панелі туралы қысқаша мәлімет