Динамикті теледидардың жанына қойсаңыз, экранның түсі магниттік өріс себебінен бұрмалануы мүмкін.

Сымсыз қабылдағыш модульді тыңдау орнының артқы жағына орналастырыңыз. Сымсыз қабылдағыш модуль өнімге тым жақын болса, кедергіге байланысты динамиктерден шығатын дыбыс бұрмалануы мүмкін.

Өнімнің жанында микротолқынды пеш, сымсыз жергілікті желі картасы, Bluetooth құрылғысы немесе кез келген басқа құрылғы пайдаланылса, кедергіге байланысты динамиктерден шығатын дыбыс бұрмалануы мүмкін.

Өнім мен сымсыз қабылдағыш модулі арасындағы сигналдардың ең үлкен таратылу қашықтығы — шамамен 10 метр, алайда жұмыс істеу ортасына байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Өнім мен сымсыз қабылдағыш модуль арасында темір бетоннан жасалған немесе металдан жасалған қабырға болса, жүйе мүлдем жұмыс істемеуі мүмкін, себебі радио толқындар металл арқылы өте алмайды.

Өнім сымсыз байланыс орнатпаса, өнім мен сымсыз қабылдағыш модуль арасында «ID Set» (Идентификаторды орнату) процедурасын іске қосу қажет. Өнім өшіп тұрған кезде қашықтан басқару құралындағы (ДЫБЫСТЫ ӨШІРУ) түймесін 5 секунд басып тұрыңыз. Сымсыз қабылдағыш модульді қосыңыз. Одан кейін сымсыз қабылдағыш модулінің артқы жағындағы «ID SET» түймесін 5 секунд басып тұрып, өнімді қосыңыз.

АБАЙЛАҢЫЗ Динамиктерді қабырғаға орнатқыңыз келсе, динамикті ілу қажет орынға бұрандаларды немесе

шегелерді (берілмеген) мықтап бекітіп, кейін әр динамиктің артқы жағындағы ұя арқылы әр динамикті бұрандаға немесе шегеге мұқият іліңіз.

Балаларға динамиктердің жанында немесе олармен ойнауға рұқсат бермеңіз. Динамик құлап кетсе, олар бір жерін ауыртып алуы мүмкін.

Динамик сымдарын динамиктерге жалғаған кезде полярлығы (+/–) дұрыс екендігіне көз жеткізіңіз. Балалар сабвуфер динамигінің түтігіне (тесігіне) қолдарын немесе бөгде заттарды салуына жол бермеу үшін сабвуферді балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз.

Сабвуферді қабырғаға тесігі арқылы ілмеңіз.

Сымсыз қабылдағыш антенна сымсыз қабылдағыш модулінің ішіне орнатылған. Оны су мен ылғалдан аулақ ұстаңыз.

Оңтайлы тыңдау өнімділігі үшін сымсыз қабылдағыш модулінің маңында ешбір кедергінің болмауына көз жеткізіңіз.

«2-CH» (2 арналы) режимінде сымсыз көлемді динамиктерден дыбыс шықпайды.

Қосылымдар

11 - Қазақша

Page 75
Image 75
Samsung HT-J7750W/RU manual 11 Қазақша