4.Суретті тізімнен жою үшін, суретке өтіп, OK түймесін қайтадан басыңыз. Суреттегі құсбелгі алынады.

5.Аяқтаған соң, Жіберу функциясын таңдау үшін 78 түймесін, одан кейін OK түймесін басыңыз. Фотосуреттерді жіберуге болатын желідегі тораптар (Picassa, Facebook, т.с.с.) немесе құрылғылар тізімі берілген Send (Жіберу) қалқымалы терезесі ашылады.

6.Мақсатты орынды таңдап, OK түймесін басыңыз.

7.Фотосуреттерді желідегі торапқа жібергелі жатсаңыз, торап ашылады. Кіріңіз де, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

Желідегі торапқа фотосуреттерді жіберу үшін сол торапта есептік жазбаңыз болуы қажет.

Арнайы әсерлерді қашықтан басқару құралының түймелерін пайдалану

ДЫБЫС ӘСЕРІ функциясы

Дыбысты оңтайландыратын режимді таңдауға мүмкіндік береді.

1.SOUND EFFECT түймесін басыңыз.

2.Қажетті режимді таңдау үшін, 78 түймесін басыңыз: DSP, Virtual Surround, SFE режимі, немесе Спорт.

3.Қажетті дыбыс әсерін таңдау үшін, :; түймелерін басыңыз.

DSP

MP3 Enhancer : дыбысты тыңдаудан алынатын әсерді (мысалы, mp3 музыкасын) күшейтуге көмектеседі. MP3 деңгейіндегі дыбысты (24 кГц, 8 бит) ықшам диск деңгейіндегі дыбысқа (44,1 кГц, 16 бит) көтеруге болады.

Power Bass : басс үндерінің дыбыс деңгейін көбейтіп, үнсіз дыбыс әсерін береді.

Өшіру : қалыпты тыңдау үшін осыны таңдаңыз.

Virtual Surround

Дыбысты 5.1 арналы көлемді режимде шығару үшін екі арналы кіріс көзін орнатуға болады.

SFE режимі

Symphony Hall in Boston (Hall 1) : концерт залында тыңдалғандай әсер қалдыратын таза дыбыс шығарады.

Philharmonic Hall in Bratislava (Hall 2) : концерт залында тыңдалғандай әсер қалдыратын

таза дыбыс шығарады, бірақ HALL1 күйіне қарағанда күші аздау болады.

Jazz Club in Seoul B : джаз музыкасын тыңдағанда ұсынылатын параметр.

Church in Seoul : үлкен шіркеуде отырғандай әсер береді.

Amphitheater (Rock) : рок музыкасын тыңдағанда ұсынылатын параметр.

Өшіру : қалыпты тыңдау үшін осыны таңдаңыз.

Спорт

Диск немесе жад құрылғысына байланысты осы функцияның атауы әр түрлі болуы мүмкін.

Диктор : ойынға толығымен ену үшін спорт ойындары кезінде комментатордың дауысын көтеріңіз.

Стадион : алаңды сезіну үшін спорт ойындары кезінде көрермендердің қошемет дауыстарын көтеріңіз.

Өшіру : қалыпты тыңдау үшін осыны таңдаңыз.

DTS Neo:Fusion II

Деңгей параметрлерін пайдаланып дыбыстың тереңдігін реттеу арқылы реңктері күшейтілген табиғи және әрі қанық көлемді дыбысты тыңдай аласыз.

Өшіру Қосу

Мазмұнды Ойнату

41 - Қазақша

Page 105
Image 105
Samsung HT-J7750W/RU Мақсатты орынды таңдап, OK түймесін басыңыз,  Church in Seoul үлкен шіркеуде отырғандай әсер береді