Дыбыс ықшам дискісіндегі жолдарды кездейсоқ ретпен ойнату

Өнімді дыбыс ықшам дискісіндегі (CD-DA/MP3) жолдарды кездейсоқ ретпен ойнататын етіп орнатуға болады.

1.Ойнату кезінде 78:; түймелерін пайдаланып экранның төменгі сол жағындағы белгішесін таңдаңыз да, OK түймесін басыңыз.

2.78 түймелерін басу арқылы Еркін режимін Өшіру немесе Қосу параметріне орнатыңыз да, OK түймесін басыңыз.

Коммерциялық ықшам дискімен Таңдал-н ойнату функциясын пайдалану

1.Жолдар тізімі экранының төменгі сол жағынан Параметрлер ( ) тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз. Параметрлер мәзірі ашылады.

2.Таңдал-н ойнату тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз. Таңдал-н ойнату экраны ашылады.

3.Жолды таңдау үшін, 78 түймелерін пайдаланыңыз, одан кейін OK түймесін басыңыз. Жолдың сол жағында құсбелгі пайда болады.

4.Қосымша жолдарды таңдау және құсбелгі қою үшін, 3-қадамды орындаңыз.

5.Жолды тізімнен жою үшін, жолға өтіп, OK түймесін қайтадан басыңыз. Жолдағы құсбелгі алынады.

6.Аяқтаған соң, төменгі сол жақтағы Ой-ту тармағын таңдап, одан кейін OK түймесін басыңыз. Тек құсбелгі қойылған жолдар тізімі көрсетілген Жолдар тізімі экраны қайта ашылады. Таңдалған жолдар автоматты түрде ойнайды.

7.Таңдал-н ойнату функциясынан бас тарту үшін, Жолдар тізімі экранының төменгі сол жағындағы Параметрлер ( ) тармағын таңдаңыз. Параметрлер мәзірінің Барлығын ойнату тармағын таңдаңыз. Ықшам дискіндегі барлық жолдар қамтылған Жолдар тізімі экраны қайта ашылады.

Таңдалғанды ойнату функциясын пайдаланып дыбыс ықшам дискінен (CD-DA) ең көбі 99 жол таңдауға болады.

Таңдал-н ойнату экранында Барл-н таңдау, Барл-н өшіру және Бас тарту параметрлерін де таңдауға болады.

-Барлық дыбыс жолдарын таңдау үшін Барл-н таңдау параметрін пайдаланыңыз. Бұл жеке жол таңдауларынан бас тартады. Қашықтан басқару құралында ' (ҚАЙТУ) түймесін бассаңыз немесе Ой-ту параметрін таңдап, OK түймесін бассаңыз, барлық жолдар Жолдар тізімі экранында көрсетіліп, өнім 001 жолынан бастап барлық жолдарды ойнатуды бастайды.

-Барлық таңдалған жолдардың таңдауын бірден алу үшін, Барл-н өшіру параметрін пайдаланыңыз. Одан кейін, жеке жолдарды таңдаңыз немесе барлық жолдарды таңдау үшін Барл-н таңдау параметрін пайдаланыңыз да, қашықтан басқару құралында ' (ҚАЙТУ) түймесін басып немесе Ой-ту параметрін таңдап, OK түймесін басыңыз. Егер Барл-н таңдау параметрін пайдаланбасаңыз немесе жеке жолдарды таңдамасаңыз, Таңдал-н ойнату тізімі өзгермейді.

-Бас тарту функциясы Таңдал-н ойнату экранында жасалған барлық өзгертулерді болдырмайды. Жолдар тізімі экранына қайтқанда, Таңдал-н ойнату тізімі өзгермеген күйде болады.

Өзіңіз жазған медиа құрылғымен (ықшам дискілер, USB құрылғылары, т.б.) Таңдалғанды ойнату функциясын пайдалану

1.Өзіңіз жазған ықшам дискіні немесе өзіңіз жазған файлдары бар USB құрылғысын үй кинотеатрына қосыңыз. Жаңа құрылғы жалғанды. қалқымалы терезесі ашылады.

2.Музыка тармағын таңдаңыз да, қашықтан басқару құралындағы OK түймесін басыңыз. Жолдардың, қалталардың немесе екеуінің де белгішелері көрсетілген Файлдар тізімі экраны ашылады.

3.Қажет болса, 78:; түймелерін пайдалану арқылы қалтаны таңдаңыз да, OK түймесін басыңыз.

4.Ойнату керек жолдар көрсетілгенде жоғарғы оң жақтағы Параметр. тармағын таңдаңыз да, OK түймесін басыңыз.

5.Таңдалғанды ойнату тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз. Жол белгішесінің жоғарғы сол жақтарында құсбелгі ұяшықтары пайда болады.

6.Жолды таңдау үшін, 78:; түймелерін пайдаланыңыз, одан кейін OK түймесін басыңыз. Ұяшықта құсбелгі пайда болады.

7.Қосымша жолдарға құсбелгі қою және таңдау үшін 6-қадамды қайталаңыз.

8.Жолды тізімнен жою үшін, жолға өтіп, OK түймесін қайтадан басыңыз. Жолдағы құсбелгі алынады.

9.Аяқтаған соң, Ойнату тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз. Тек құсбелгі қойылған жолдар тізімі көрсетілген Жолдар тізімі экраны ашылады. Таңдалған жолдар автоматты түрде ойнайды.

10.Таңдалғанды ойнату тізімінен бас тарту үшін, ' (ҚАЙТУ) немесе e (ШЫҒУ) түймесін басыңыз. ' (ҚАЙТУ) түймесін басқанда Файлдар тізімі экранына қайтасыз. e (ШЫҒУ) түймесін басқанда Басты экранына қайтасыз.

Мазмұнды Ойнату

35 - Қазақша

Page 99
Image 99
Samsung HT-J7750W/RU manual Дыбыс ықшам дискісіндегі жолдарды кездейсоқ ретпен ойнату, 35 Қазақша