МазмұндыОйнату

Үй кинотеатры Blu-ray/DVD/CD дискілерінде, USB құрылғыларында, компьютерлерде, смартфондарда, планшеттерде және вебте орналасқан мазмұнды ойната алады. Компьютерде немесе мобильді құрылғыда орналасқан мазмұнды ойнату үшін компьютерді немесе мобильді құрылғыны және өнімді желіге қосу керек. Компьютердегі мазмұнды ойнату үшін DLNA желілік бағдарламалық құралын да жүктеу және орнату керек немесе компьютерде бұрыннан DLNA желілік бағдарламалық құралы болуы керек.

Windows 7 және Windows 8 жүйесі орнатылған компьютерлерде кірістірілген DLNA бағдарламалық құралы (Play To) бар.

Коммерциялық дискілерді

ойнату

1.Диск тартпасын ашу үшін ^ түймесін басыңыз.

2.Дискінің жапсырмасы бар бетін жоғары қаратып, дискіні диск тартпасына мұқият салыңыз.

3.Диск тартпасын жабу үшін ^ түймесін басыңыз. Ойнату автоматты түрде басталады.

4.Ойнату автоматты түрде басталмаса, қашықтан басқару құралындағы 5 түймесін басыңыз.

Дискіні сақтау & Басқару

Дискілерді қолмен ұстау

- Дискідегі саусақ іздері немесе сызаттар дыбыстың және суреттің сапасын төмендетуі немесе кейбір үзінділердің еленбеуін тудыруы мүмкін.

-Деректер жазылған диск бетін ұстамауға тырысыңыз.

-Саусақтар бетке тимейтіндей дискіні шеттерінен ұстау керек.

-Дискіге қағаз немесе таспа жапсырмаңыз.

Дискілерді тазалау

-Дискіде саусақ іздері немесе кір

болса, оны сумен араластырылған жұмсақ жуу затымен тазалаңыз, сөйтіп жұмсақ матамен сүртіңіз.

-Тазалағанда дискінің ішінен сыртына қарай сүртіңіз.

-Дискіні сақтау

Күн сәулесі тікелей түспейтін жерде сақтаңыз.

Жақсы желдетілетін салқын жерде сақтаңыз.

Таза қорғағыш қаптамаға салып, тік күйде сақтаңыз.

Мультимедиа файлдарын

ойнату

1.Басты экранында МУЛЬТИМЕДИА тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз. Соңғы ойнатылғандар экраны ашылады.

2.Экранның төменгі жағындағы Сақтау құралы, Желі құрылғысы опциясын таңдаңыз.

Сақтау құралы - өнімге қосылған сақтау құрылғыларын көрсетеді.

Желі құрылғысы - желі арқылы қосылған ұялы құрылғыларды, компьютерлерді, планшеттерді және соған ұқсас құрылғыларды көрсетеді.

Элементті таңдағанда сол элемент туралы ақпарат элементтер тізімі көрсетілген терезенің

төменгі жағында айналып тұрады.

3.Элементті немесе құрылғыны таңдап, OK түймесін басыңыз. Элемент не құрылғы мазмұнының тізімі көрсетілген экран ашылады. Мазмұн қалай реттелгеніне байланысты, қалталарды, жекелеген файлдарды немесе екеуін де көресіз.

4.Қажет болса, 78:; түймелерін пайдалану арқылы қалтаны таңдаңыз да, OK түймесін басыңыз.

5.Көретін немесе ойнататын файлды таңдау үшін 78:; түймелерін пайдаланыңыз да, содан кейін OK түймесін басыңыз.

6.Таңдалған файл ойнатылады.

7.' (ҚАЙТУ) түймесін басып қалтадан шығыңыз немесе e (ШЫҒУ) түймесін басып Басты экранына оралыңыз.

8.Сақтау құрылғысындағы бейнелерді, музыканы және суреттерді ойнатудың бақылау жолы түсіндірілген нұсқауларды көру үшін 29-41 аралығындағы беттерге өтіңіз.

Тізімде медиа файлдың тек бір түрін көрсету

үшін, элементтің немесе құрылғы экранының жоғарғы оң жақ бұрышындағы Сүзгі( ) функциясын пайдаланыңыз.

Мазмұнды Ойнату

27 - Қазақша

Page 91
Image 91
Samsung HT-J7750W/RU manual Коммерциялық дискілерді Ойнату, Дискіні сақтау & Басқару, Мультимедиа файлдарын Ойнату