Пешті орнату

Пеш пен корпустың әр бүйірінің арасына кемінде 5 мм орын (A) қалдырыңыз.

A

Пешті ас үй жиһазына кіргізіп, 2 бұранданың көмегімен пештің екі жағын мықтап бекітіңіз.

Орнатып болғаннан кейін қорғағыш таспаны, жапсырманы және басқа орам материалдарын алып, пештің ішіндегі керек-жарақтарды алыңыз. Пешті корпустан алу үшін әуелі пешті тоқ көзінен ағытып, пештің қос бүйіріндегі 2 бұранданы алыңыз.

ЕСКЕРТУ

Пеш қалыпты түрде жұмыс істеу үшін желдету қажет. Желдеткіш саңылауларын ешқашан бітемеңіз.

ЕСКЕРТПЕ

Пештің нақты түрі үлгіге байланысты әр түрлі болуы мүмкін.

Істі бастау алдында

Бастапқы параметрлері

Пешті ең алғаш рет электр көзіне қосқан кезде сағат (“12”) жыпылықтап тұратын дисплейде әдепкі уақыт “12:00” пайда болады. Пешті ең алғаш рет пайдалану алдында ағымдық уақытты орнатыңыз.

1.Сағат элементі жыпылықтап тұрған кезде параметр дискін (оң жақ диск)

бұрап сағатты орнатыңыз, содан кейін минут элементіне өту үшін OK түймесін басыңыз.

2.Минут элементі жыпылықтап тұрған

кезде минутты орнату үшін параметр дискін бұраңыз, содан кейін OK түймесін басыңыз.

Осы бастапқы параметрді орнатып болғаннан кейін ағымдық уақытты өзгерту үшін түймесін 3 секунд басып тұрып, жоғарыдағы қадамдарды орындаңыз.

Жаңа пештің иісі

Пешті ең алғаш қолданар алдында жаңа пештің иісін кетіру үшін пештің ішін тазалау керек.

1.Пештің ішіндегі керек-жарақтардың барлығын алыңыз.

2.Пешті Конвекция 200 °C немесе Дәстүрлі 200 °C функциясымен бір сағат тазалаңыз. Бұл пештің ішіндегі өндіру барысында қалған қалдық заттарды күйдіріп тазалайды.

3.Аяқтаған кезде пешті сөндіріңіз.

Казақ 9

Істі бастау алдында

NV70K2340RS_WT_DG68-00756A-01_RU+UK+KK+UZ.indb 9

2017-02-06 ￿￿ 2:56:36

Page 73
Image 73
Samsung NV70K2340RS/WT, NV70K2340RB/WT Істі бастау алдында, Бастапқы параметрлері, Жаңа пештің иісі, Пешті орнату, Казақ 9