Бумен тазалау

Бұл шамалы ластықты бумен тазалау үшін пайдалы. Бұл функция мезгіл-мезгіл қолмен тазалау қажеттігін болдырмай, уақытыңызды үнемдейді. Осы процесс кезінде дисплейде қалған уақыт пайда болады.

1.400 мл (3/4 пинта) суды пештің табанына

құйып, пештің есігін жабыңыз.

2. таңдау үшін режим таңдау тетігін

бұраңыз.

3.Тазалай бастау үшін OK түймесін

басыңыз.

Бумен тазалау 26 минут жұмыс істейді.

4.Пештің ішін тазалау үшін құрғақ шүберекті пайдаланыңыз.

ЕСКЕРТУ

Есікті цикл аяқталмай тұрып ашпаңыз. Пештің ішіндегі су өте ыстық, күйгізіп жіберуі мүмкін.

ЕСКЕРТПЕ

Пеш мысалы, гриль жасау немесе қуыру режимдерінен кейін қатты майланып кетсе, Бумен тазалау функциясын іске қоспай тұрып, жуғыш затты қолданып, қатып қалған қоқысты қолмен тазалауды ұсынамыз.

Цикл аяқталған кезде есікті ашық қалдырыңыз. Бұл ішкі эмальды мұқият кептіру үшін қажет.

Пештің ішкі жағы ыстық болып тұрса, автоматты тазалау қосылмайды. Пеш суығанша күтіп, содан кейін қайталаңыз.

Табанына суды қатты екпінмен құймаңыз. Баппен құйыңыз. Себебі, су алдыңғы жағына ағып кетуі мүмкін.

Таймер

Таймер уақытты немесе тағам пісіру уақытын қарауға мүмкіндік береді.

1. түймесін басыңыз.

2.Қажетті уақытты орнату үшін параметр дискін бұрап, содан кейін OK түймешігін

басыңыз.

Уақытты ең көбі 23 сағат 59 минутқа қоюға болады.

Дыбыс режимі Қосулы/Сөндірулі

Дыбысты сөндіру үшін түймесін 3 секунд

басып ұстап тұрыңыз.

Дыбысты қосу үшін қайтадан 3 секунд басып ұстап тұрыңыз.

Казақ 17

Іске пайдалану

NV70K2340RS_WT_DG68-00756A-01_RU+UK+KK+UZ.indb 17

2017-02-06 ￿￿ 2:56:40

Page 81
Image 81
Samsung NV70K2340RS/WT, NV70K2340RB/WT manual Бумен тазалау, Дыбыс режимі Қосулы/Сөндірулі, Казақ 17