КАЗАҚ
Микротолқынды пешті тазалау
Микротолқынды пештің келесі бөлшектерін май және тағам қалдықтары жиналып қалмас үшін мерзімді түрде тазалап отыру керек:
•Ішкі және сыртқы беттері
•Есігі және тығыздағыштары
•Бұрылмалы табақ пен айналмалы шығырық
Есік тығыздағыштарының таза екенін, әрі есіктің дұрыс
Пешті таза ұстамасаңыз, оның бетінің сапасы кетіп, құрылғы жұмысына теріс әсер етіп, нәтижесінде қатерлі жағдайлар орын алуы мүмкін.
1.Сыртқы беттерін жұмсақ шүберекпен, жылы әрі сабынды сумен жуыңыз. Шайыңыз да, құрғатыңыз.
2.Құрылғының ішкі беттеріндегі немесе айналмалы шығырығындағы шашырандыларды не дақтарды сабын сіңірілген шүберекпен тазалаңыз. Шайыңыз да, құрғатыңыз.
3.Қатып қалған тағам қалдықтарын жұмсарту және жағымсыз иісті кетіру үшін, бір кесе сұйылтылған лимон шырынын бұрылмалы табаққа қойыңыз да, қуатты ең үлкен мәнге қойып он минут қыздырыңыз.
4.Ыдыс жуғыш машинада жууға болатын табақты қажет кезде жуыңыз.
Саңылауларға су ШАШЫРАТПАҢЫЗ. Жеміргіш заттар немесе химиялық еріткіштерді ЕШҚАШАН қолданбаңыз. Есіктің тығыздағыштарын тазалағанда келесіні ескеріңіз:
•Ешбір қоқыс жиналып қалмасын
•Қоқыс есіктің жабылауына кедергі жасамасын
Микротолқынды пештің ішін жұмсақ жуғыш затпен әр қолданып болған сайын тазалаңыз, бірақ жарақаттанып қалмас үшін микротолқынды пешті тазалардың алдында әрқашан салқындатыңыз.
Микротолқынды пешті сақтау және жөндеу
Микротолқынды пешті сақтау және жөндеу кезінде, бірнеше қарапайым сақтық шараларын орындау керек.
Есігі немесе есігінің тығыздағыштары бүлінген пешті іске қоспау керек:
•Топсалары сынған
•Тығыздағыштары бүлінген
•Пештің корпусы бұзылып немесе майысып қалған Оны тек білікті, микротолқынды пешті жөндейтін маман ғана жөндеуге тиіс.
Пештің сыртқы корпусын ЕШҚАШАН алмаңыз. Егер пеш бүлініп, оны жөндеу қажет болса немесе оның қандай жағдайда екендігі сізді толғандырып жүрсе:
•Оны розеткадан ағытыңыз
•Ең жақын сатып алушыға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз
Пешті уақытша сақтап қоя тұрғыңыз келсе, құрғақ, шаң баспайтын жерді таңдаңыз.
Себебі: Шаң және ылғал пештің жұмыс жасайтын бөлшектеріне зиян келтіруі мүмкін.
Бұл микротолқынды пеш коммерциялық мақсатта қолдануға арналмаған.
38