05 Тоңазытқыш
Fridge (Тоңазытқыш) түймесін тоңазытқыш температурасын орнату немесе Power Cool (Қарқынды салқындату) функциясын қосу/сөндіру үшін пайдалануға болады.
Fridge
(Тоңазытқыш)
Тоңазытқыш үшін салқындату температурасын қолдан реттеуге болады. Температура жолағын шарлау және 1 °C және 7 °C аралығындағы қажетті температураны таңдау үшін Fridge (Тоңазытқыш) түймесін баса беріңіз.
06 Қарқынды салқындату (3 секунд)
| Power Cool (Қарқынды салқындату) функциясы желдеткішті ең үлкен жылдамдыққа |
| қойып, салқындатуды тездетеді. |
Power Cool | Бұл жылдам бұзылатын тағамдарды немесе есікті біраз уақыт ашық қалдырғаннан |
(Қарқынды | кейін тағамдарды жылдам салқындату үшін пайдалы функция. Тоңазытқыш |
салқындату) | бірнеше сағат ең үлкен жылдамдықта жұмыс істеп тұрады да, содан кейін алдыңғы |
| температураға қайтады. Fridge (Тоңазытқыш) түймеcін басып 3 секунд ұстап |
| тұрыңыз. |
ЕСКЕРТПЕ
Панельдегі температураны өзгерткенде, панельде орнатқан температураға жеткенге дейін тоңазытқыштың ішіндегі ағымдық температура көрсетіледі. Содан кейін, панельде орнатқан жаңа температура көрсетіледі. Тоңазытқыш жаңа температураға жеткенше біраз уақыт қажет. Бұл қалыпты жағдай. Осы уақытта, температураны қайта орнатудың қажеті жоқ.
07 Есіктің сигналы
Іске пайдалану
Door Alarm
(Есіктің сигналы)
Сигналды ескерту беретін етіп орнатуға болады. Есік 2 минуттан артық ашық қалса, сигнал естіледі де, ескерту индикаторы қатар жыпылықтайды. Зауыттан сигнал қосулы күйде келеді. Сигналды сөндіру үшін Door Alarm (Есіктің сигналы) түймесін басыңыз. Қосу үшін Door Alarm (Есіктің сигналы) түймесін қайта басыңыз.
Казақ 41