Қауіпсіздік туралы ақпарат
Қауіпсіздік туралы ақпарат
•Бұл құрылғыны газ жылыстап шығуы мүмкін жерге орнатпаңыз.
•Бұл тоңазытқышты қолданар алдында, осы нұсқаулықтағы нұсқауларға сай орналастырып, дұрыс жерге орнату керек.
•Қуат ашасын розеткаға сымын төмен салбыратып дұрыс жалғау керек.
қиылып, өрт шығуы немесе электр тогы соғуы мүмкін.
•Тоңазытқыштың артқы жағының қуат ашасын жаншып немесе бүлдіріп тастамағанын тексеріңіз.
•Орам материалдарын балалардан алыс ұстаңыз.
•Құрылғыны орнатқанда ашаға қол оңай жететін етіп орнату керек.
•Бұл құрылғыны ылғалды, майлы немесе шаңды жерге, күн сәулесі тура түсетін немесе сулы (жаңбыр тамшылары) жерге орнатпаңыз.
•Тоңазытқышқа шаң немесе су кірсе, ашасын суырып алып, Samsung Electronics қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
•Құрылғының үстіне шықпаңыз немесе зат қоймаңыз (мысалы, кір, жанып тұрған шамдар, тұтатылған шылым, ыдыстар, химикаттар, металл заттар т.с.с.).
•Құрылғыны алғаш электр көзіне қосар алдында, барлық қорғауыш пластик таспаларын алу керек.
8 Казақ