Қауіпсіздік туралы ақпарат
Қауіпсіздік туралы ақпарат
•Су үлестіргіш тесікке, мұз науасына және мұз жасағыштың себетіне ешқашан саусақтарыңызды немесе басқа заттарды салмаңыз.
•Құрылғыны өзіңіз жөндеуге, бөлшектеуге немесе өзгертуге әрекет етпеңіз.
•Стандартты сақтандырғыштан басқа сақтандырғышты (мысалы, мыс, темір сым т.б.) пайдаланбаңыз.
•Тоңазытқышты жөндеу немесе қайта орнату қажет болса, жақын жердегі сервис орталығына хабарласыңыз.
•Ішкі немесе сыртқы LED шамы жанып кетсе, жақын жердегі қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
•Тоңазытқыштан тұтанған иіс немесе түтін шыққаны байқалса, дереу ток көзінен ағытыңыз да, Samsung Electronics қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
•Тоңазытқыштың ішкі шамдарын ауыстырар алдында ашаны розеткадан суырыңыз.
•LED емес шамды ауыстыру қиынға соқса, Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
•Құрылғы LED шамдарымен жабдықталса, шамның қақпақтары мен LED шамдарын өзіңіз ағытпаңыз.
•Ашаны розеткаға мықтап сұғыңыз.
•Зақым келген ашаны, қорек сымын немесе босап қалған розетканы пайдаланбаңыз.