•Ұзақ демалысқа кетуді жоспарласаңыз немесе тоңазытқышты ұзақ уақыт (3 апта не бұдан көп) пайдаланбайтын болсаңыз, тоңазытқышты соның ішінде, мұз себетін босатып, ашасын ток көзінен ағытып, судың кранын жауып, ішкі қабырғалардың беттеріндегі ылғалды сүртіп, иіс және зең пайда болмас үшін есіктерді ашық қалдырыңыз.
•Тоңазытқыш су болып қалса, ашасын розеткадан суырып, Samsung Electronics қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
•Шыны беттің ешқайсысын соқпаңыз немесе оған шамадан тыс көп күш салмаңыз.
•Су сауыты мен мұз текшесінің науаларын ауыз суымен ғана толтырыңыз (кран суы, минералды су немесе тазартылған су).
•Саусақтарыңыз қыстырылып қалмау үшін абай болыңыз.
•Құрылғыны су басып кетсе, дереу электр желісінен ағытыңыз да, жақындағы қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
•Бұл құрылғыда тұтанғыш зат толтырылған аэрозоль сауыты тәрізді жарылғыш заттарды сақтамаңыз.
•Тоңазытқыштың есігіндегі себеттерде өсімдік майын сақтауға болмайды. Май қатты қоюланып, дәмі бүлінуі және оны пайдалану қиындауы мүмкін. Сонымен қатар, ашық ыдыстан май ағып, ол есіктегі себеттің жарылуына себеп болуы мүмкін. Майдың ыдысын ашқаннан кейін ыдысты шкаф немесе шолан сияқты салқын әрі қараңғы жерде сақтаған дұрыс.
Қауіпсіздік туралы ақпарат