•Екі жұлдыз таңбасы салынған бөлімнің (бөлімдердің) немесе екі жұлдыз белгісі бар () бөліктің (бөліктердің) температурасы, басқа мұздатқыш бөлікке (бөліктерге) қарағанда сәл жоғарырақ.
Екі жұлдызы бар бөлім (бөлімдер) немесе бөлік (бөліктер) құрылғыны жеткізген кездегі нұсқауларға және/немесе жағдайларға сай келеді.
Қуатты үнемдеу туралы кеңес
•Құрылғыны салқын, құрғақ, жеткілікті түрде желдетілетін жерге орнатыңыз. Құрылғыны күн сәулесі тура түсетін және қызу көздерінен (мысалы, батарея) жылу тура келетін жерге қоймаңыз.
•Қуатты пайдалану тиімділігін сақтау үшін саңылаулар мен торларды бітемеуді ұсынамыз.
•Жылы тағамды тоңазытқыш ішіне қояр алдында салқындатыңыз.
•Мұздатылған тағамды тоңазытқышқа қойып жібітіңіз. Содан кейін мұздатылған тағамдардың төмен температурасын, тоңазытқыштағы тағамды салқындату үшін қолдануға болады.
•Тағам салғанда немесе алған кезде, тоңазытқыштың есігін өте ұзақ ашпаңыз. Есікті неғұрлым аз ашсаңыз, мұздатқышқа барынша аз мұз қатады.
•Тоңазытқышты орнатқан кезде артқы жағы мен бүйір жақтарынан орын қалдыруды ұсынамыз. Бұл қуатты аз пайдаланып, электр қуаты төлемдерін азайтуға көмектеседі.
•Қуатты барынша тиімді пайдалану үшін себеттер, тартпалар, сөрелер тәрізді ішкі
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Казақ 21