Терезе жуатын бүріккіш, қырғыш тазартқыш құралдар, тұтанғыш сұйықтықтар, хлорлы сутек қышқылы, тазартқыш балауыз, қойылтылған жуғыш заттар, ағартқыштар сияқты түрпілі немесе қатты тазартқыштарды немесе құрамында мұнай өнімдері бар тазартқыш құралдарды тоңазытқыштың сыртын (есіктері мен корпусы), пластмасса бөлшектерін, есігі мен ішкі төсемдерін және тығыздағыштарын тазалау үшін пайдалануға болмайды.

-- Олар материалға сызат түсіруі немесе бүлдіруі мүмкін.

Шыны сөрелерді немесе қақпақтарды суық күйінде жылы сумен жууға болмайды. Шыны сөрелер мен қақпақтардың температурасы күрт өзгерсе немесе соғылса немесе түсіп кетсе, сынып кетуі мүмкін.

Құрылғыны қоқысқа тастауға қатысты қатаң ескертулер

ЕСКЕРТУ

Бұл құрылғының орам материалдарын қоршаған ортаға зиян келтірмейтін етіп тастау керек.

Құрылғыны қоқысқа тастар алдында, артқы түтіктерінің ешбіріне зақым келмегеніне көз жеткізіңіз.

Салқындатқыш ретінде R-600a немесе R-134a пайдаланылған. Тоңазытқышыңызда қандай тоңазытқыш сұйық қолданылғанын, құрылғының артындағы компрессордың жапсырмасынан немесе құрылғының ішіндегі техникалық ақпарат тақтайшасынан қараңыз. Бұл тоңазытқышта тұтанғыш газ (R-600a салқындатқышы) бар болса, өнімді қауіпсіз етіп тастау үшін жергілікті уәкілетті мекемеге хабарласыңыз.

Бұл тоңазытқышты тастаған кезде, кішкене балалар немесе жануарлар қамалып қалмас үшін тоңазытқыштың есігін/есігінің тығыздағышын және есігінің бекітпесін ағытып алыңыз. Балаларды құрылғымен ойнамас үшін қадағалап отыру керек. Бала ішіне қамалып қалса, жарақат алуы немесе тұншығып мерт болуы мүмкін.

-- Бала қамалып қалса, жарақат алуы және тұншығып мерт болуы мүмкін.

Қауіпсіздік туралы ақпарат

Казақ 19 

Untitled-10 19

2017-12-14 ￿￿ 7:34:46

Page 83
Image 83
Samsung RS55K50A02C/WT manual Құрылғыны қоқысқа тастауға қатысты қатаң ескертулер