Су құйылған сауытты тоңазытқыштың үстіне қоймаңыз.

-- Төгіліп қалса, өрт шығуы немесе электр қатері пайда болуы мүмкін.

Тоңазытқыштың ішіне буланғыш немесе тұтанғыш нәрселерді немесе заттарды (бензол, сұйылтқыш, пропан газы, спирт, эфир, СГ және тағы басқа осы сияқты заттарды) сақтамаңыз.

-- Бұл тағам сақтауға ғана арналған тоңазытқыш. -- Себебі өрт немесе жарылыс шығуы мүмкін.

Балаларды құрылғымен ойнамас үшін қадағалап отыру керек.

-- Саусақтарыңызды "қыстыратын аумақтардан" алыс ұстаңыз. Есіктер мен корпустың арасына қажетіне орай шамалы орын қалдырылған. Балалар жақын жерде болса, есіктерді байқап ашыңыз.

Балаларға есікке немесе есіктің сауыттарына тартылып тұруға рұқсат бермеңіз. Ауыр жарақат алуы мүмкін.

Балаларға тоңазытқыштың ішіне кіруге рұқсат бермеңіз. Қамалып қалуы мүмкін.

Қолыңызды құрылғының астына сұқпаңыз.

-- Өткір қырларына жарақаттанып қалуыңыз мүмкін.

Фармацевтикалық өнімдерді, ғылыми материалдарды не температураға сезімтал заттарды тоңазытқышта сақтамаңыз.

-- Температурасын қатаң бақылап отыруды қажет ететін өнімдерді тоңазытқышта сақтамаңыз.

Тоңазытқыш/мұздатқыштың ішіне өндіруші арнайы рұқсат етпеген электр құрылғыларын қоюға немесе қолдануға болмайды.

Егер фармацевтикалық заттың немесе түтіннің иісін сезсеңіз, қуат ашасын дереу ағытып, Samsung Electronics қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Тоңазытқышқа шаң немесе су кірсе, ашасын суырып алыңыз да, Samsung Electronics қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

-- Әйтпесе өрт шығу қаупі бар.

Қауіпсіздік туралы ақпарат

Казақ 11 

Untitled-10 11

2017-12-14 ￿￿ 7:34:46

Page 75
Image 75
Samsung RS55K50A02C/WT manual Балаларды құрылғымен ойнамас үшін қадағалап отыру керек