4. Картридж түймешесін бекіту үшін сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
5. Сүзгіні қолдану интервалын қайта орнату үшін Filter Reset (Сүзгіні бастапқы қалпына қою) түймесін 3 секунд басып тұрыңыз. Сүзгі индикаторы ( ) сөнеді.
6. Ауыстырып болғаннан кейін, су түтігіндегі қоқыстарды шаю үшін 4 литр су ағызыңыз.
ЕСКЕРТПЕ
•Жаңадан орнатылған сүзгі су диспенсерінен су ытқып кетуге себеп болуы мүмкін. Бұл су желісіне ауаның кіріп кетуіне байланысты.
•Ауыстыру кезінде тоңазытқыштан еденге су тамшылап кетуі мүмкін. Бұндай жағдайда құрғақ шүберекпен сүртіңіз.
Су сүзудің кері осмос жүйесі
Су құбырынан кері осмос су сүзу жүйесіне келетін судың қысымы 35 psi және 120 psi (241 кПа және 827 кПа) болуға тиісті.
Кері осмос су сүзу жүйесінен тоңазытқыштың суық су түтігіне баратын судың қысымы кемінде 40 psi (276 кПа) болуға тиіс. Судың қысымы көрсетілген деңгейден төмен болса:
•Кері осмос жүйесіндегі шөгінді сүзгісінің бітеліп қалмағанын тексеріңіз. Қажет болса сүзгіні ауыстырыңыз.
•Кері осмос жүйесіндегі су сауытын суға толтырыңыз.
•Егер тоңазытқыштың су сүзгісі бар болса, кері осмос жүйесімен қатар пайдаланған кезде, судың қысымын одан сайын төмендетуі мүмкін. Су сүзгісін алыңыз.
Ақпарат алу немесе сервис үшін уәкілетті сантехникке хабарласыңыз.
Жаңа сүзгі тапсыру
Жаңа су сүзгісін сатып алу үшін жергілікті Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Шамдар
Шамдарды пайдаланушы жөндеуге келмейді. Тоңазытқыштың шамын ауыстыру үшін жергілікті Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Казақ 53
Күтім көрсету