•Құрылғының үстіне шықпаңыз немесе зат қоймаңыз (мысалы, кір, жанып тұрған шамдар, тұтатылған шылым, ыдыстар, химикаттар, металл заттар т.с.с.). Себебі электр қатері, өрт немесе құрылғыға байланысты ақау немесе жарақат алу қаупі пайда болуы мүмкін. Су құйылған сауытты құрылғының үстіне қоймаңыз.
•Жібіту үрдісін жылдамдату үшін, өндіруші ұсынған құралдардан басқа механикалық заттарды не басқа құралдарды қолданбаңыз.
•Тоңазытқыш жүйені бүлдіріп алмаңыз.
•Ультракүлгін LED шамына ешқашан ұзақ уақыт тура қарамаңыз.
•Тоңазытқыштың сөресін төңкеріп қоймаңыз. Сөренің тірегіші жұмыс істей алмайды.
•Саусақтарыңызды "қыстыратын аумақтардан" алыс ұстаңыз. Есіктер мен корпустың арасына қажетіне орай шамалы орын қалдырылған. Балалар жақын жерде болса, есіктерді байқап ашыңыз.
•Газ жылыстап шыққанын байқасаңыз, ашық от көзінің немесе басқа да газды тұтандыруы мүмкін заттардың жоқ екенін тексеріңіз де, құрылғы тұрған бөлмені бірнеше минут желдетіңіз.
•Өндіруші немесе оның қызмет көрсету агенті жеткізген LED шамдарын ғана қолданыңыз.
•Бөтелкелерді құлап қалмас үшін
•Бұл тек үйде тағам сақтауға арналған құрылғы.
Қауіпсіздік туралы ақпарат