Қауіпсіздік туралы ақпарат

Қауіпсіздік туралы ақпарат

Тасымалдау және орнатуға қатысты қатаң ескертулер

ЕСКЕРТУ

Құрылғыны тасымалдау және орнату барысында, салқындату жүйесінің ешбір бөлшегіне зақым келтірмеу үшін абайлау керек.

-- Түтіктен ағып тұрған салқындатқыш газ жануы немесе көзге зақым келтіруі мүмкін. Егер сұйық аққанын байқасаңыз, ашық от көзінен немесе басқа да тұтандыруы мүмкін заттардан алыс ұстаңыз да, құрылғы тұрған бөлмені бірнеше минут желдетіңіз.

-- Бұл құрылғыда шамалы мөлшерде изобутан тоңазытқыш сұйығы (R-600a) бар, бұл - қоршаған ортаға залалсыз табиғи газ болса да, тұтанғыш келетін газ. Құрылғыны тасымалдау және орнату барысында, тоңазытқыш жүйенің ешбір бөлігіне нұқсан келмес үшін абайлау керек.

Тоңазытқышты тасымалдағанда және орнатқанда оның арт жағында орнатылған су түтігіне қол тигізбеңіз.

-- Себебі тоңазытқышқа зақым келіп, су сауытын пайдалану мүмкін болмай қалуы мүмкін.

Орнатуға қатысты қатаң ескертулер

ЕСКЕРТУ

Тоңазытқышты ылғалды немесе құрылғыға су тиіп кетуі мүмкін жерге орнатпаңыз.

-- Электр бөлшектерінің қаптамасына нұқсан келсе, электр тогы соғуы немесе өрт шығуы мүмкін.

Бұл тоңазытқышты күн сәулесі тура түсетін жерге не пештің, бөлме қыздырғыштардың немесе басқа құрылғылардың қызуына тақатып қоймаңыз.

6 Казақ

Untitled-10 6

2017-12-14 ￿￿ 7:34:45

Page 70
Image 70
Samsung RS55K50A02C/WT manual Тасымалдау және орнатуға қатысты қатаң ескертулер