Орнату
Орнату
ҚАДАМ: 5 Су көзіне қосыңыз (қолжетімді үлгілерде ғана)
АБАЙЛАҢЫЗ
•Су жүйесіне қосу жұмысын білікті техник орындауға тиіс.
•Тоңазытқышыңыздың кепілдігіне су жүйесіне қосу кірмейді. Егер су жүйесіне қосу бөлшек сауда орталығы ұсынған бағаға кірмесе, су жүйесіне қосу ақысын өзіңіз төлейсіз.
•Samsung су жүйесіне қосу бойынша ешбір жауапкершілік көтермейді. Су ағып кетсе, су жүйесін орнатқан техникке хабарласыңыз.
ЕСКЕРТПЕ
Бұрыннан бар түтік жинағын қайта пайдаланбаңыз. Су жылыстап ағуы мүмкін. Тоңазытқышпен бірге берілген түтік жинағын пайдаланыңыз.
Суық су құбырын су сүзетін түтікке жалғау
АБАЙЛАҢЫЗ
•Су сүзетін түтіктің суық ауыз су құбырына қосылғанына көз жеткізіңіз. Ыстық су құбырына қосылса, тазалағыш дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
A |
C |
B
D |
1.Суды негізгі су кранын (A) жабу арқылы тоқтатыңыз.
2.Суық ауыз су құбырының (В) орналасқан орнын табыңыз.
3.Су түтіктерін орнату нұсқауларын орындап, су түтігін (C) орнатыңыз. Бұл қадамды білікті техник ғана орындауға тиіс.
4.Жалғап болғаннан кейін судың негізгі кранын ашып, шамамен 3 литр су ағызыңыз. Бұл құбыр ішіндегі ластықты тазалау үшін қажет.
АБАЙЛАҢЫЗ
Су түтігінен ешбір су жылыстап ақпайтынына
(D)көз жеткізіңіз.
30 Казақ