Samsung CE103VR-S/BWT manual Микротолқын Және Конвекция Аралас Режим, СВЧ+Гриль Микротолқын+Гриль

Models: CE103VR-B/BWT CE103VR/BWT CE103VR-S/BWT

1 160
Download 160 pages 22 Kb
Page 104
Image 104

МИКРОТОЛҚЫН ЖӘНЕ ГРИЛЬ ФУНКЦИЯСЫН БІРГЕ ҚОЛДАНУ

Тағамды бір мезгілде қызартып, жылдам пісіру үшін микротолқын және гриль функцияларын бірктіре қолдануға болады.

ӘРҚАШАН микротолқынға және пешке төзімді ыдыстарды қолданыңыз. Шыны және керамика ыдыстар, микротолқын тағамға біркелкі таралуға көмектесетіндіктен микротолқынды пеш үшін тамаша ыдыс болып табылады.

Пештегі ыдыстар өте ыстық болатындықтан оларды ӘРҚАШАН қолғап киіп ұстаңыз. Егер үстіңгі торды қолдансаңыз, пісіру және гриль жасау нәтижелері жақсаруы мүмкін.

Есікті ашыңыз. Тағамды осы тағамды пісіруге сай келетін тордың үстіне қойыңыз. Торды бұрылмалы табақтың үстіне қойыңыз. Есікті жабыңыз.

1.СВЧ+Гриль (Микротолқын+Гриль) ( )

түймешігін басыңыз.

Нәтижесі: Бейнебетте келесі көрсетіледі:

(микротолқын және гриль аралас режим) 600 Вт (қуат шығысы)

2.Тиісті қуат мәнін СВЧ+Гриль

(Микротолқын+Гриль) () түймешігін қажетті қуат шығысы көрсетілгенше басып орнатыңыз (300-600 Вт).

• Гриль температурасын орната алмайсыз.

3.Пісіру уақытын 10 Мин., 1 Мин. және 10 Сек.

түймешіктерін басып орнатыңыз.

Ең көп пісіру уақыты 60 минут.

4.Старт/+30 сек ( ) түймешігін басыңыз.

Нәтижесі:

• Аралас режиммен пісіру басталады.

Тағамды пісіріп болғаннан кейін пештен

сигнал естіледі де, "0" төрт рет жыпылықтайды. Содан кейін пеш минутына бір рет сигнал береді.

МИКРОТОЛҚЫН ЖӘНЕ КОНВЕКЦИЯ АРАЛАС РЕЖИМ

Аралас режимде микротолқын қуаты мен конвекция қызуы қолданылады. Микротолқын қуаты дереу бөлінетіндіктен, алдын ала қыздыру қажет емес.

Көп тағамдарды, әсіресе келесі тағамдарды аралас режим бойынша дайындауға болады:

Ет мен тауықты қуыру

Бәліштер мен торттар

Жұмыртқа мен ірімшік тағамдары

ӘРҚАШАН микротолқынға және пешке төзімді ыдыстарды қолданыңыз. Шыны және керамика ыдыстар, микротолқын тағамға біркелкі таралуға көмектесетіндіктен микротолқынды пеш үшін тамаша ыдыс болып табылады.

Пештегі ыдыстар өте ыстық болатындықтан оларды ӘРҚАШАН қолғап киіп ұстаңыз. Егер астыңғы торды қолдансаңыз, пісіру және қызарту нәтижелері жақсарады.

Есікті ашыңыз. Тағамды бұрылмалы табаққа немесе бұрылмалы табаққа қойылатын астыңғы торға қойыңыз. Есікті жабыңыз.

1.СВЧ+Конвекция (Микротолқын+Конвекция) ()

түймешігін басыңыз.

Нәтижесі: Бейнебетте келесі көрсетіледі:

(микротолқын және конвекция аралас режимді қолдану)

600 Вт (қуат шығысы : 2 секунд ішінде келесі температура режиміне ауысады)

220 °C (температура)

2.Температураны СВЧ+Конвекция

(Микротолқын+Конвекция) () түймешігін басып таңдаңыз. (Температура : 220, 200, 180, 160, 140, 100, 40 °C)

3.Пісіру уақытын 10 Мин., 1 Мин. және 10 Сек. түймешіктерін басып орнатыңыз.

• Ең көп пісіру уақыты 60 минут.

Казақ - 24

CE103VR_BWT_DE68-03714A-06_KK.indd 24

2014-07-16 ￿￿ 4:35:08

Page 104
Image 104
Samsung CE103VR-S/BWT manual Микротолқын Және Конвекция Аралас Режим, Микротолқын Және Гриль Функциясын Бірге Қолдану