Құрылғыны, зарядтағышты немесе оның кабельдерін не болмаса электрлік розетканы ылғал қолыңызбен немесе дененің басқа да ылғал бөліктерімен тимеңіз

Бұлай істеу қысқа тұйықталуға әкелуі мүмкін.

Электр шнурын майыстырмаңыз немесе зақымдамаңыз

Бұлай істеу ток соғуына немесе өртке әкелуі мүмкін.

Құрылғы зарядталып жатқанда оны пайдаланбаңыз немесе құрылғыны ылғал қолмен ұстамаңыз

Бұлай істеу ток соғуына әкелуі мүмкін.

Зарядтағышты немесе құрылғыны қысқа тұйықталуға ұшыратпаңыз

Бұлай істеу ток соғуына немесе өртке әкелуі мүмкін я болмаса батарея дұрыс жұмыс істемеуі немесе жарылуы мүмкін.

Найзағай кезінде құрылғыңызды сыртта пайдаланбаңыз

Бұлай істеу ток соғуына немесе құрылғының дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін.

Өнім жасаушысы мақұлдаған зарядтағыштарды, қосымша құралдарды және жабдықтарды пайдаланыңыз

Әмбебап зарядтағышты қолдану құрылғының қызмет ету уақытын кемітуі немесе құрылғының дұрыс жұмыс істемеуіне себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ, бұл өрт тудыруы немесе батареяның жарылуына әкелуі мүмкін.

Тек өз құрылғыңызға арналған және Samsung мақұлдаған зарядтағышты ғана пайдаланыңыз. Сәйкес емес зарядтағыш едәуір жарақаттануға немесе құрылғыны зақымдауға себеп болуы мүмкін.

Қазақ тілі