(Бөлек жинау жүйелері бар елдер үшін қолданылады)
Батареядағы, нұсқаулықтағы немесе орамдағы бұл таңба бұл өнімдегі батареяның өз қызмет ету мерзімінің соңында басқа
тұрмыс қалдықтарымен бірге жойылмауы тиіс екендігін көрсетеді. Белгіленген жердегі Hg, Cd немесе Pb символдары батареядағы сынап, кадмий немесе қорғасын мөлшері 2006/66 EC Директивасындағы көрсетілген деңгейден асып түсетіндігін білдіреді.
Бұл өнімдегі батареяны пайдаланушы ауыстыра алмайды. Оны ауыстыру туралы ақпаратты қызмет жеткізушісінен алыңыз. Батареяны шығармаңыз және отқа тастамаңыз. Батареяны бөлшектеуге, жаруға немесе тесуге болмайды. Өнімді тастауды ұйғарсаңыз, қоқыс жинайтын орын өнім мен батареяны қайта өңдеуден өткізудің немесе басқаша қолданудың тиісті шараларын жүргізеді.
Жауапкершіліктен бас тартуОсы құрылғыда қатынауға болатын кейбір мазмұн мен қызметтер үшінші тараптардың иелігіне жатады және авторлық құқықтар, сауда белгісі және/немесе басқа да интеллектуалдық меншік заңдарымен қорғалады. Осындай мазмұн мен қызметтер тек сізге және коммерциялық емес мақсатта жеткізіледі. Мазмұн иегері немесе қызмет провайдері арқылы рұқсат етілмеген қандай да бір мазмұн немесе қызметтерді қандай да бір дәрежеде қолдана алмайсыз. Осы бас тартудан Рұқсат етпейінше, жоғарыда көрсетілгендермен шектелмей, осы құрылғымен көрсетілетін қандай да бір мазмұнды немесе қызметті қандай да бір дәрежеде түрін өзгерту, көшіру, қайта басып шығару, жүктеу, жариялау, жіберу, аудару, сату, туынды еңбектерді жасау, қолдану немесе тарату құқығыңыз жоқ.
Қазақ тілі