Жүріп не қозғалып бара жатқанда құрылғыны пайдалануда сақтық шараларын пайдаланыңыз
Өзіңізге не басқаларға жарақат түсірмеу үшін әрдайым сыртқы жағдайларды біліп отырыңыз.
Құрылғыны кию кезінде абай болыңыз
Құрылғыны тым тығыз бекітпеңіз. Құрылғыны таза және құрғақ күйде ұстаңыз. Бұл құрылғы халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келсе де, кейбір адамдардың белгіленген заттектерге аллергиясы болса, олардың терісі тітіркенуі мүмкін.
Боямаңыз немесе құрылғыңызға жапсырмалар жабыстырыңыз
•Бояу және жапсырмалар қозғалатын бөліктеріне кедергі келтіріп, дұрыс жұмыс істеуіне жол бермеуі мүмкін.
•Құрылғының бояуына немесе бөлшектеріне аллергияңыз болса, тері қышуы, қышыма пайда болуы немесе ісуі мүмкін. Мұндай жағдайда құрылғыны пайдалануды тоқтатып, дәрігерден кеңес алу керек.
Сынған немесе бұзылған болса, құрылғыны пайдаланбаңыз
Сынған әйнек немесе акрил талшық қолдарыңыз бен бетіңізді жарақаттауы мүмкін. Құрылғыны жөндету үшін Samsung қызмет көрсету орталығына алып барыңыз.
Құрылғыңызды түсіріп алмаңыз немесе құрылғыңызға соққы тигізбеңіз
•Құрылғы зақымдалуы немесе дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
•Егер майысса не пішіні өзгерсе, құрылғыңыз зақымдалуы не бөлшектері істемей қалуы мүмкін.
Қазақ тілі