Қайталама әрекеттерден шығатын жарақаттардың тәуекелін азайту

Пернелерді басу, экранда таңбалардың суретін саусақтарыңызбен салу сияқты әрекеттерді қайталап орындағанда, қолдарыңызда, мойныңызда, иықтарыңызда немесе денеңіздің басқа бөліктерінде ыңғайсыздықты сезінуіңіз мүмкін. Құрылғыны ұзақ уақыт пайдаланғанда, құрылғыны бос ұстап, пернелерді ақырын басыңыз, сосын жиі үзіліс жасаңыз. Мұндай қолданыс барысында немесе одан кейін қолайсыздық жалғасса, құрылғыны пайдалануды тоқтатып, дәрігерден кеңес алыңыз.

Гарнитураны пайдаланған кезде есту мүшеңізді және құлақтарыңызды қорғаңыз

Шамадан тыс қатты дыбыстар шығару есту қабілетінің зақымдалуына себеп болуы

мүмкін.

Жүріп келе жатқанда қатты дыбыстар шығару назарыңызды аударып, апатқа алып келуі мүмкін.

Құлақаспапты дыбыс көзіне қосар алдында дыбыс қаттылығын әрдайым азайтыңыз және сөйлегенін немесе музыканы етуге қажетті төменгі дыбыс қаттылығы деңгейін пайдаланыңыз.

Құрғақ жерлерде статикалық электр тогы гарнитурада пайда болуы мүмкін. Құрғақ жерлерде гарнитураларды пайдаланбаңыз немесе гарнитураны құрылғыға қосардың алдында статикалық электр тогын зарядсыздандыру үшін металл затқа тигізіңіз.

Жүргізу немесе көлікте болғанда гарнитураны пайдаланбаңыз. Бұлай істеу алаңдатуы және апатқа әкелуі мүмкін немесе сізідң аймаққа байланысты заңсыз болуы мүмкін.

Қазақ тілі