КАЗАҚ

ГРИЛЬ ЖАСАУ

Гриль тағамды микротолқынды қолданбай тез қыздырып, қызартуға көмектеседі. Сол үшін гриль торы микротолқынды пешпен бірге жеткізіледі.

1. Гриль құрылғысын Grill (Гриль)

(10 min (10 мин), 1 min (1 мин) және 10 s (10 сек)) және Start (Бастау) түймешігін басу арқылы қажетті температураға дейін қыздырыңыз.

2.Есікті ашып, тағамды тордың үстіне қойыңыз.

3.Тағамды пештің ішіндегі тордың үстіне қойыңыз.

Grill (Гриль) түймешігін басыңыз. Пісіру уақытын 10 min (10 мин), 1 min (1 мин) және 10 s (10 сек) түймешігін басып таңдаңыз. (Ең көп гриль жасау уақыты 60 минут.)

4. Start (Бастау) () түймешігін басыңыз.

Нәтижесі: Пештің шамы жанады да, бұрылмалы табақ айнала бастайды.

1)Тағам пісе бастайды және пісіп

болғаннан кейін пеш төрт рет сигнал береді.

2)Пісіру циклінің соңы сигналы 3 рет естіледі

(минутына бір рет).

3)Ағымдық уақыт қайта көрсетіледі.

Гриль жасап тұрғанда қыздырғыш қосылып, сөніп тұрса алаң болмаңыз. Бұл пеш қызып кетуге жол бермеуге арналған жүйе.

Пештің ішіндегі ыдыстар өте ыстық болатындықтан, оларды әрқашан қолғап киіп ұстаңыз.

МИКРОТОЛҚЫН ЖӘНЕ ГРИЛЬ ФУНКЦИЯСЫН БІРГЕ ҚОЛДАНУ

Тағамды бір мезгілде қызартып, жылдам пісіру үшін микротолқын және гриль функцияларын бірктіре қолдануға болады.

ӘРҚАШАН микротолқынға және пешке төзімді ыдыстарды қолданыңыз. Шыны және керамика ыдыстар, микротолқын тағамға біркелкі таралуға көмектесетіндіктен микротолқынды пеш үшін тамаша ыдыс болып табылады.

Пештің ішіндегі ыдыстар өте ыстық болатындықтан, оларды ӘРҚАШАН қолғап киіп ұстаңыз.

1.Басқару панелінің оң жақ бұрышындағы үлкен

түймешікті басып, пештің есігін ашыңыз. Тағамды тордың үстіне қойыңыз да, торды бұрылмалы табақтың үстіне қойыңыз. Есікті жабыңыз.

2.Combi (Аралас режим) түймешігін басыңыз.

Нәтижесі: Бейнебетте келесі көрсетіледі:

Аралас (микротолқын және гриль режимі) 600 Вт (қуат шығысы)

Тиісті қуат мәнін Combi (Аралас режим) түймешігін қажетті қуат мәні көрсетілгенше қайта басып таңдаңыз.

Гриль температурасын орната алмайсыз.

3. Пісіру уақытын 10 min (10 мин), 1 min (1 мин) және 10 s (10 сек) түймешігін басып таңдаңыз. (Ең көп пісіру уақыты 60 минут).

4. Start (Бастау) () түймешігін басыңыз.

Нәтижесі: Аралас режиммен пісіру басталады. Бұл цикл аяқталған кезде.

1)Пеш төрт рет сигнал береді.

2)Пісіру циклінің соңы сигналы 3 рет естіледі (минутына бір рет).

3)Ағымдық уақыт қайта көрсетіледі.

Микротолқын және гриль аралас режиммен пісіру үшін қажет микротолқын қуатының ең үлкен мәні 600 Вт.

20

GE73MR_BWT_DE68-04091A-04_KK.indd 20

2014-07-16 ￿￿ 5:59:28

Page 84
Image 84
Samsung GE73MR-S/BWT Гриль Жасау, Микротолқын Және Гриль Функциясын Бірге Қолдану, Combi Аралас режим түймешігін басыңыз