Жаңа пештің иісі

Пешті ең алғаш қолданар алдында жаңа пештің иісін кетіру үшін пештің ішін тазалау керек.

1.Пештің ішіндегі керек-жарақтардың барлығын алыңыз.

2.Пешті Конвекция 200 °C немесе Дәстүрлі 200 °C функциясымен бір сағат тазалаңыз. Бұл пештің ішіндегі өндіру барысында қалған қалдық заттарды күйдіріп тазалайды.

3.Аяқтаған кезде пешті сөндіріңіз.

Қауіпсіздікті сақтайтын смарт құрал

Пеш жұмыс істеп тұрған кезде есікті ашсаңыз, пештің шамы жанады және екі желдеткіш пен қыздырғыш элементтер жұмыс істеуін тоқтатады. Бұл күйіп қалу тәрізді денеге келетін зақымдарға және қуаттың босқа шығындалмауына жол бермеу үшін қажет. Бұндай жағдай орын алған кезде есікті жабыңыз, сонда пеш қалыпты жұмыс істеуін жалғастырады, себебі бұл жүйенің ақауы емес.

Есікті баппен жабу (баппен, қауіпсіз түрде және ақырын)

Samsung кіріктірілген пеші есікті баппен, қауіпсіз түрде және ақырын жабатын функциямен жабдықталған.

Есікті жапқан кезде арнайы жасақталған топсалар есік соңғы орнына келгенше бірнеше сантиметр қалған кезде ұстап қалатын етіп жасалған. Бұл есікті шуылсыз және баппен жабуға мүмкіндік беретін, қосымша ыңғайлылық сыйлайтын функция. (Бұл функцияның қолжетімділігі пештің үлгісіне байланысты.)

Есік 15 градуста баяу жабыла бастайды да, шамамен 5 секунд ішінде толық жабылады.

алдында бастау Істі

Казақ 17

NV75J5170BS_WT_DG68-00617F-01_KK.indd 17

 

 

2015-06-04 �� 11:16:19