Смарт пісіру

пісіру Смарт

Киш лорен

Құраластар • Кондитер өнімі: 200 г таза ұн, 80 г сары май, 1 жұмыртқа

Толтырмасы: 75 г текшеленіп туралған майсыз бэкон, 125 мл қаймақ, 125 г жас қаймақ, 2 көпіршітілген жұмыртқа,

100 г үккіштен өткізілген Швейцар ірімшігі, тұз және бұрыш

Нұсқаулар Қамыр дайындау үшін ұнды, сары майды және жұмыртқаны шараға салып, қамыр жұмсарғанша араластырып, содан кейін тоңазытқышқа 30 минут қойыңыз. Қамырды жазып, кишке арналған (диаметрі 25 см), майланған керамика ыдысқа салыңыз. Астыңғы жағын шанышқымен тесіңіз. Жұмыртқа, қаймақ, жас қаймақ, ірімшік, тұз және бұрыш салып араластырыңыз. Оны қамырға пісіруге сәл уақыт қалған кезде құйыңыз.

Үй пиццасы

Құраластар • Пицца наны: 300 г ұн, 7 г құрғақ ашытқы, 1 ас қасық зәйтүн майы, 200 мл жылы су, 1 ас қасық қант және тұз.

Безендіру үшін: 400 г тілімдерге бөлінген көкөніс (баклажан, кәді, пияз, қызанақ), 100 г бэкон немесе ветчина (туралған), 100 г үккіштен өткізілген ірімшік

Нұсқаулар Ұнды, ашытқыны, майды, тұзды, қантты және жылы суды шараға құйып, ылғалдау етіп қамыр илеңіз. Миксермен немесе қолмен шамамен 5-10 минут араластырыңыз. Қақпақ жауып, пешке 30 минут 35 °C градусқа тындыру үшін қойыңыз. Ұн себілген бетке қамырды жазып, тік төртбұрыш пішімге келтіріп, науаға немесе пицца табасына салыңыз. Қамырға қызанақ езбесін таратып салып, ветчинаны, саңырауқұлақты, зәйтүнді және қызанақты салыңыз. Үстіне біркелкі етіп ірімшік сеуіп, пісіріңіз.

50 Казақ

NV75J5170BS_WT_DG68-00617F-01_KK.indd 50

 

 

2015-06-04 �� 11:16:27