ЕСКЕРІМ

Резеңке немесе пеш қолғабын киіп тұрып дисплейді түрткен кезде дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

Жалпы параметрлер

Барлық пісіру режимдерінің әдепкі температурасын және/немесе пісіру уақытын өзгертуге болады. Таңдалған пісіру режимінің әдепкі температурасын және/немесе пісіру уақытын өзгерту үшін келесі қадамдарды орындаңыз.

Температура

1. Режимді немесе функцияны таңдау үшін режим таңдау тетігін бұраңыз. Әр таңдалған режимнің әдепкі температурасы көрсетіледі.

2. Қажетті температураны орнату үшін параметр дискін бұраңыз.

3. Өзгертулерді растау үшін OK түймешігін басыңыз.

ЕСКЕРІМ

Егер бірнеше секунд ішінде ешбір өзгеріс енгізілмесе, пеш әдепкі параметрлерді қолданып автоматты түрде пісіре бастайды.

Орнатылған температураны өзгерту үшін түймешігін басып, жоғарыдағы қадамдарды орындаңыз.

Пештің ішіндегі нақты температураны уәкілетті ұйым рұқсат еткен рұқсатталған термометр мен әдісті қолданып өлшеуге болады. Басқа термометрлерді пайдаланған кезде өлшеу қатесі пайда болуы мүмкін.

Казақ 21

пайдалану Іске

NV75J5170BS_WT_DG68-00617F-01_KK.indd 21

 

 

2015-06-04 �� 11:16:20