
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Құрылғыны қоқысқа тастауға қатысты қатаң ескертулер
ЕСКЕРТУ
•Бұл құрылғының орам материалдарын қоршаған ортаға зиян келтірмейтін етіп тастау керек.
•Құрылғыны қоқысқа тастар алдында, артқы түтіктерінің ешбіріне зақым келмегеніне көз жеткізіңіз.
•Салқындатқыш ретінде
•Бұл тоңазытқышты тастаған кезде, кішкене балалар немесе жануарлар қамалып қалмас үшін тоңазытқыштың есігін/есігінің тығыздағышын және есігінің бекітпесін ағытып алыңыз. Балаларды құрылғымен ойнамас үшін қадағалап отыру керек. Бала ішіне қамалып қалса, жарақат алуы немесе тұншығып мерт болуы мүмкін.
•Оқшаулау үшін циклопентан қолданылған. Оқшаулау материалындағы газды тастау үшін арнайы қоқысқа тастау шарасын орындау керек. Осы құрылғыны қоршаған ортаға залал тигізбейтін етіп тастау үшін жергілікті уәкілетті мекемеге хабарласыңыз.
•Орам материалдарының барлығын балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз, себебі орам материалдары балалар үшін қауіпті болуы мүмкін.
18 Казақ